КАНВАССИНГ
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Наурызбек Серікұлы Мағдатов Ақшұқыр ауылында "Канвассинг" жобасы аясында ардагер ұстаз Оңайбай Әбдірахманов үйінде болды.
Кездесу барысында жас кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын және өзінің алдағы уақытта істеуге ниетті ұсыныстарын айтып өтті. Ардагер Оңайбай Әбдірахманов "Жастар – ел болашағы" деп айтқан партия Төрағасы, Елбасы Н.Назарбаевтың сөзін тілге тиек етіп, жастарды қолдайтындығын, осы жас та болса қоғамдық жұмыста алдынғы қатарда жүретін жастарға илана түсетінін айтты. Кездесу соңында ардагер жас үміткерге бата беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
