Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ

ҚР Парламент Мәжілісі депутатына үміткер – Казахбаев Оспан Түпқараған ауданы тұрғындарымен кездесуін жалғастырды.

Айжамал Қуысбекова есімді азаматшаның үйіне барып, білім саласына қатысты партияның сайлауалды бағдарламасын ашып айтып, міндеттерімен таныстырды.

"Елдің гүлденіп, өркендеуіне, ел экономикасының көтерілуіне себепші болған осы – «Nur Otan» партиясы. Партияның бүгінге дейін атқарған ісі ұшан теңіз. Еліміз түрлі сынақтарды бастан өткерді. Сол сынақтарда елге демеу бола білген «Nur Otan» қазақ халқымен бірге қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске жетіп келеді" ‐ деп, алдағы сайлауда ел болашағы үшін дауыс беруге шақырды Казазбаев Оспан.

Өз кезегінде Айжамал Қуысбекова да көкейдегісімен бөлісті. Оның айтуынша ауылда интернет желісі төмен, себебі қазіргі онлайн сабақтардың өтуіне бірден-бір кедергі осы желі екендігін жеткізді. Бұл мәселе бойынша алдағы уақытта жұмыстанатынын жеткізді.

#nurotan_tupkaragan

#nurotan

Еще по теме

КАНВАССИНГ - Yvision.kz