КАНВАССИНГ
ҚР Парламент Мәжілісі депутатына кандидат Самат Мусабаев Жаңаөзен қаласында көп балалы аналармен кездесті.
Жаңаөзенде соңғы жылдары туу мен табиғи өсім жоғары. Мұнайлы өлке Қазақстан бойынша алғашқы орында.
"Әр бала өмірге өз несібесімен келетіні рас, біз дүниеге ұрпақ әкелген сайын елдің де әл-ауқаты көтеріліп келеді" деп жылы лебіздерін білдірді қаһарман-аналар.
Сапар кезінде Рахат ауылындағы интернет байланысының әлсіз екені байқалды. Аналар үкіметтен тегін ноутбук пен планшеттер алып, жәрдем көріп отырғандарын жеткізді.
Партиямыздың басты бағыттарының бірі - Ана мен бала денсаулығы мен халық санының өсуі.
Партия өкілі аналар айтқан тілектерді тыңдап, ұсыныстары мен мәселелерді жазып алды.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
