КАНВАССИНГ
ҚР Парламент Мәжілісі депутатына үміткер Еділ Жаңбыршин және облыстық мәслихат депутатына үміткерлер Жұлдыз Мұханбетқалиқызы, Бердіғали Берекетов, Жанболат Саймағанбетов "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында көпбалалы бірнеше отбасының үйіне барды. Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылында тұратын отбасылардың айтуынша, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектерін уақытында алып отыр және де су, тоқ, газ мәселесі шешілген. Тек "әттеген-ай" дейтін тұсы ғаламтор жылдамдығының әлсіздігі. Осы себептен мектеп жасындағы балаларына онлайн сабақ оқуға қиын болып отыр екен. Бұл мәселені жергілікті әкімдік білетінін және оны шешуге жұмыстанып жатқанын партияның қалалық штабының орынбасары Майлыбай Өтебаев айтып өтті.
Кандидаттар жаңаөзендік отбасыларды сайлауға бірауыздан қатысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге үгіттеді.
