Канвасинг
ӘЙЕЛ - тіршіліктің тірегі, отбасының ұйытқысы. Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен әйел затына қандай теңеу айтса да артық емес, бірақ "үйде отырған әйел" деп айту орынсыз ба деймін, себеп, әйел заты үйде де отырмайды, отбасының барлық бірлік- тірлігіне қатысты жұмыстың шегі бар ма?! Бүгін сондай санаттағы әйел-аналармен кездесу болды, есіктен кіре қай үйге барсақ да сол көрініс, дегенмен, кездесу мақсатына сәйкес түсіндірме-әңгімені екі жақтап өрбіткендейміз, үй -жайы төңірегінде ғана емес, еліміздің сыртқы-ішкі саясат сұрақтарынан да хабардарлығын білдірді, мақтауға тұрарлық іс, тіпті "алдағы сайлау өтетін күнді асыға күтудемін, баламды ертіп апарамын, түсіне берсін"- деген ойын да білдірді. Ия, мойындау қажет, әйел адамдар үйде де "отырмайды", тәулігіне "24 сағат" жұмыс істейді, өйткені, ӘЛЕМДІ ТЕРБЕТУ- шектеулі сағат ісі емес! ҚҰРМЕТТІ аналар, құрбылар, үй ұйытқысы- әйелдер, жаңа жыл құтты жыл болып, еңбектеріңіз елеусіз қалмай, ырыс - береке әкелсін! Мен осы тілектердің жалғасы етіп, тыныштық, жарқын болашақ ұйытқысы екендігін тағы да бір көрсету үшін осы жылдың 10 қаңтарда дауыс беруге шақырдым. #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz
