Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНДИДАТТАР ТЕАТР ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қалалық депутаттыққа үміткерлерНайзабеков Таджимурат,Гани Абдисадыков,Bekzat Zhusip,Ерген Сыражан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық - драма театр ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуде үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасы мен алдағы бес жылдықта атқарылатын жұмыстар жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ, мәдениет саласындағы бірқатар мәселелерге байланысты туындаған сауалдарға жауап берді.

Жиынға қатысушылар мәдениет саласы дамуының маңыздылығына тоқталды. Соның ішінде, балаларға арналған әдебиеттер санын көбейтіп, этно-мәдени құндылықтарды сақтап қалу үшін бірқатар жаңа жобалар қажеттілігін де айтып өтті.

Кездесу соңында үміткерлер көтерілген мәселелер "Nur Otan" партиясының назарында болатынын жеткізіп, 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

0
0
114

Еще по теме

КАНДИДАТТАР ТЕАТР ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz