КАНДИДАТТАР ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін «Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Ә.Бердімұрат, Б.Джумабеков, Т.Жанысбаев Қажымұқан ауыл округіне қарасты Боралдай елді мекенінде халықпен кездесті.
Тұрғындармен кездесу барысында кандидаттар партияның алдағы 7 бағытын айтып, алдағы келе жатқан сайлауда «Nur Otan» партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.
Ерікті жастар үгіт насихат үнқағаздарын таратуға атсалысты.
