Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНДИДАТТАР – ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА

Бүгін «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихатқа кандидаттар шалғай ауылдағы сайлаушылармен жүзбе-жүз кездесу өткізіп қайтты.

Тұрғындармен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы тарата айтылды. Сонымен бірге үміткерлер ауыл тұрғындарын сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

–Жалпы, ауыл тұрғындарының түйіткілді мәселелері бізге бұрыннан да таныс. Дегенмен бұл жолы маңызды мәселермен етене таныстық. Мәселенің шешу жолын сол ауыл тұрғындарымен бірге талқыладық. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау,-дейді «NurOtan»-дықтар.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
183

Еще по теме

КАНДИДАТТАР – ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА - Yvision.kz