Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНДИДАТТАР СЕРЕБРЯКОВ ЖҰРТЫНЫҢ САУАЛДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

«AMANAT» саяси ұйымының сайлауалды партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттығына БҚО-дан ұсынылған кандидат Снежанна Имашева және облыстық мәслихатқа үміткер Нұрлан Серғалиев, штаб өкілі Бауыржан Мұхамбетжанов Серебряков ауылының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жүргізді. Партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберінде ауылдық жерлердің әлеуетін арттыру көзделген. Жиында жұртшылық жалқының да, жалпының да мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, әлеуметтік нысан күзетшілерінің штатын бюджеттік мекемеге қайтару, жастарды жұмыспен қамту, қаңғыбас ит-мысықтарды жою, т.б. түйткілдер сөз болды. Кандидаттар бұл ұсыныстарды партия алдағы уақытта қарастыратынын жеткізіп, сайлауда «AMANAT» саяси ұйымына сенім артуға үндеді. #AMANAT2023 #ДауысберAmanat2023 #ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
158

Еще по теме