Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНДИДАТТАР ПАРТИЯ АРДАГЕРІНІҢ ШАҢЫРАҒЫНДА

Шардара ауданы бойынша «Nur Otan» партиясынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер ел ішінде кездесулер ұйымдастыруды жалғастыруда. Кандидаттар «Канвассинг» шарасы бойынша аудан орталығында және ауылдық округтерде тұрғындармен дидарласып, емен-жарқын әңгімелесті. Кездесулер барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы кеңінен тарата айтылды. Сонымен бірге кандидаттар тұрғындарды сайлау кезінде «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Сондай шараның бірінде облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар партия ардагері, зейнеткер, «Nur Otan» партиясының Шардара аудандық филиалында ұзақ жылдар басшылық қызметте болған Мырзатай Нұрманов ағамыздың шаңырағына бас сұқты. Кездесу барысында партияның алға қойған міндеттерді жүзеге асыру барысы кеңінен талқыланды. Ардагер өз өмір тәжірибесінен мысалдар келтіріп, кандидаттарға сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Еще по теме

КАНДИДАТТАР ПАРТИЯ АРДАГЕРІНІҢ ШАҢЫРАҒЫНДА - Yvision.kz