КАНДИДАТТАР ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Қазіргі таңда еліміздегі эпидахуалға байланысты көптеген іс-шаралар онлайн түрде өтіп жатқаны баршаға аян. Шардаралық «нұротандықтар» жұртшылықпен кездесу өткізудің осы тәсілін тиімді пайдалануда.
Бүгін партия атынан облыстық мәслихатқа үміткер «Хамит» АШӨК төрағасы Бақытжан Серманизов тұрғындармен онлайн-жүздесу өткізді. Жүздесу барысында үміткер партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы тарата айтып, сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Тұрғындар өз кезектерінде өтініштері мен ұсыныстарын айтып, кандидатқа алғыс білдірді.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
