Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНДИДАТТАР ОНЛАЙН БАЙЛАНЫСТА

Сайлау мерзімі таяған сайын «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын одан әрі жандандыра түсуде. Бүгін бірнеше кандидат «ЗУМ» платформасы бойынша Достық бастауыш партия ұйымының мүшелерімен тікелей онлаин байланысқа шықты. Кандидаттар онлаин байланысқа шыққандарға партияның мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламаларды тағы да түсіндіріп өтті. Сонымен бірге сайлау барысындағы заңдылықтарды қатаң сақтауға шақырды. Ал, тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Осындай кездесулер барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өткен үміткерлер оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
105

Еще по теме

КАНДИДАТТАР ОНЛАЙН БАЙЛАНЫСТА - Yvision.kz