КАНДИДАТТАР ҚОНАҚТА!
Бүгін ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі күнінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Бердиева Гүлнар Ниязалықызы және Спабекова Қарлығаш Төрегелдіқызы Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылының тұрғындары, көпбалалы аналардың үйінде қонақта болып, бірге таңғы ас ішіп, канвассингті өткізді. Дастархан барысында кандидатар сайлаушыларға Түлкібас ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы 5 жылда жүзеге асырар жұмыстарына тоқталды. Канвассинг – бұл партия жақтастарын жекелеп «тарту», белгілі және ықпалға ие адамдарды, депутаттыққа кандидаттардың партия жағына тарту мақсатында оларды үйде немесе жұмыс орнында жеке үгіттеуі болып табылады. Мұндай кездесулер осы тұлғалардың ізбасарларыныңда «Nur Otan» партиясына деген оң көзқарасын қалыптастырады. Азаматтарға үлгі бола алатын беделді, белгілі тұлғалардың партияның қызметіне белсене атсалысуы жоғары мұраттарға қызмет етудің символына айналуы мүмкін. Айта кетелік, кандидаттар Түлкібас ауданына білім саласының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматшалар болып келеді. Қонақта болған кандидаттар көпбалалы аналарды 2020 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
