Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНДИДАТТАР КӨЛТОҒАН АУЫЛЫНДА

Ордабасы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Бақдәулет Жұмабеков, Ғалымжан Зиябек, Жанысбаев Талғат, Асел Баймаханова, Ерімбетов Ғазиз Көлтоған ауылында «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесті.

«Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту арқылы олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету және баспана алу үшін жағдайлар жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайды. Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімді болуын қолдайды. Ауданда 950 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы тарапынан көптеген жұмыстар атқарылады. Соның бірнешеуіне тоқтасақ: 2021 жылы Шұбар ауылында 20 пәтерлі 1 үй (335,1 мың ш.м.), Төрткүл ауылында 20 пәтерлі 1 үй (331,1 мың ш.м.) салынады, 2022-2025 жылы аудан бойынша жалпы бір қабатты 100 тұрғын үй (10 мың ш.м) салынады, 2025 жылға дейін 2 елді мекенге инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, жер телімі кезегінде тұрған 5090 азаматтың 1666 жер телімі (33 пайызы) инфрақұрылымымен толық қамтылады, 2023 жылға дейін Темірлан ауылында кәріз жүйесі жүргізіледі, 545 жеке тұрғын үйлерге толық инфрақұрылым жүйелері жүргізіледі.

Нәтижесінде 2025 жылы қолжетімді тұрғын үймен 140 отбасы қамтамасыз етіледі және кезекте тұрған 1666 (33%) азамат жер телімі инфрақұрылымымен толық қамтылатын болады..

0
0
115

Еще по теме

КАНДИДАТТАР КӨЛТОҒАН АУЫЛЫНДА - Yvision.kz