КАНДИДАТТАР КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар бүгін көлік саласы мамандарымен кездесу өткізді. Мұндағы мақсат – жергілікті халықтың өтініші мен ұсыныстарын тыңдау, түйінді мәселелерді шешуге жәрдем ету.
Аталған кездесулер барысында үміткерлер партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды жете түсіндірді. Өз кезегінде тұрғындар да көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды.
Кандидаттар тұрғындардың мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатынын жеткізді. Сонымен бірге оларды ертеңгі күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
