КАНДИДАТТАР ЕЛ ІШІНДЕ
Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар А.Меңдібаев, К.Ешманов, Н.Тумышев және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Т.Ерманов, А.Байжан, Ж.Ешманов, А.Ордабаева және С.Дүйсенбеков Бекі ауылында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева сайлаушылардың үйіне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг-кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткерлер ауданның «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы», ауылшаруашылық саласының ардагері Бақыт Қарабаевтың шаңырағында болып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттар туралы айтты. Алда келе жатқан саяси доданың абыройлы өтуіне тілектестік білдірген Б.Қарабаев ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

