Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Кандидаттар ел арасында

Халықты партияның мүдделі жұмыстарымен таныстыру бағытында онлайн, жанды кездесулер, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру т.б. әдістермен қатар тұрғындардың үйлеріне бару акциясын жүзеге асыруда.

Шара барысында ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутатына үміткерлер, олардың сенімді өкілдері, ерікті жастар үй-үйді аралап тұрғындармен жанды форматта кездесуде. Үнпарақтар таратып, сауалдарын, ұсыныстарын негізге алып келеді. Алдағы партияның жұмыс жасау бағытына енгізеді, халық үнін жергілікті билік өкілдеріне, Үкіметке жеткізеді.

«Есіктен есікке» акциясы аясында бүгін облыс бойынша кандидаттар күндегідей өте белсенді болды. Облыстың қалалары, аудан орталықтары, ауыл тұрғындарының шаңырақтарында болып, үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Төтенше жағдай уақытында бастауыш партия халықпен бірге болғаны айтылып, Елбасы бастамасымен халыққа көмек көрсетілгені айтылды. Партияның 5 жылдық жұмыс жоспары таныстырылып, жұмыссыздық мәселесін азайту, кәсіпкерлерді қолдау, тұрақты жұмыс орындарын көбейту, баспана мәселесі, білім мен медицина саласын жетілдіру, барлық саланы цифрландыру, туризмді дамыту т.б. бойынша жоспарларын жеткізді. Халықты мазалайтын мәселелерді түртіп алды.

0
0
112

Еще по теме

Кандидаттар ел арасында - Yvision.kz