Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНДИДАТТАР БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Шолтанова Зарипа Есенбайқызының сенімді өкілі Еркимбаев Артур Марсұлы және үміткер Сыражанов Ерген Мұратұлы Маңғыстау облыстық туризм колледж ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен және алдағы атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті. Сондай-ақ, білім саласына байланысты қойылған сауалдарға жауап берді. Жиынға қатысушылар Педагог мәртебесі, айлық өсімі, білім саласында ер азаматтардың тапшы екені туралы ой – пікірлерін, ұсыныстарын айтты.

Үміткерлер көтерілген мәселелер "Nur Otan" партиясының назарында болатынын , барлық мәселелер міндетті түрде шешімін табатынын айтты. Сондай-ақ, 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
142

Еще по теме

КАНДИДАТТАР БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz