Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНДИДАТТАР АРДАГЕР ҰСТАЗБЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұргелді Клушев, Әшірбеков Ханай, Феруза Қалтаева «канвассинг» шарасы аясында Төлеби ауданының Құрметті азаматы, «Социалистік Еңбек ері» наградасының, «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Еңбек ардагері» төсбелгілерінің, басқа да көптеген марапаттардың иегері, 40 жыл білім саласында аянбай еңбек еткен Ленгір қаласы «Аналар кеңесінің» төрайымы, аудандық «Әжелер алқасының» төрайымы, аяулы ана, асыл әже Есенова Гүлбазар Махмұдқызымен кездесті.

Кездесу барысында Гүлбазар Махмұдқызы өзінің қиын да қызықты еңбек жолын еске түсірді. Зейнеткерлікке шықса да ұлттық тәрбиенің, ізгіліктің дәнін жас ұрпақ бойына сеуіп жүрген ардақты ұстаз әжелер мен аналарды ортақ мақсатқа жұмылдырып, әлі де іскерлігін танытуда. Ол жастар тәрбиесіндегі ұлттық, отбасылық құндылықтарымызды, салтымызды, дәстүрімізді сақтауға бағытталған «Әжелер», «Аналар» кеңесінің жұмысына жан-жақты тоқталды. Ұстаздық еңбек жолында ауданның саяси тыныс-тіршілігіне белсене араласқан ардақты ана әлі күнге қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылады. «Nur Otan» партиясының ардагер мүшесі Гүлбазар Махмұдқызы әңгіме барысында алдағы сайлауда партияға қолдау көрсететінін айтып, сәттілік тіледі. Сондай-ақ ақ жаулықты ана кемелді елдің болашағы – жастарды тәрбиелеудің қайнар көзі – отбасы құндылықтарын сақтау баршамыздың міндетіміз екенін баса айтты.

"Жастарға тәрбие беру ошағы -- ол отбасы. Осыған орай қазіргі таңда жастарға, соның ішінде, қыз балаларына берілетін тәрбиеге баса назар аудару қажет, отбасылық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесі бағытында тынбай жұмыс жасау керекпіз" деді ол.

2
0
277

Еще по теме

КАНДИДАТТАР АРДАГЕР ҰСТАЗБЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz