Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНДИДАТ ОНЛАЙН-БАЙЛАНЫСТА

Қазіргі таңда еліміздегі эпидахуалға байланысты көптеген іс-шаралар онлайн түрде өтіп жатқаны баршаға аян. Шардаралық «нұротандықтар» жұртшылықпен кездесу өткізудің осы тәсілін тиімді пайдалануда.

Бүгін партия атынан облыстық мәслихатқа үміткер «Хамит» АШӨК төрағасы Бақытжан Серманизов ЗУМ бағдарламасы бойынша аудан спортшыларымен онлайн-жүздесу өткізді. Жүздесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы тарата айтып, сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Спортшылар өз кезектерінде өтініштері мен ұсыныстарын айтып, кандидатқа алғыс білдірді.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
157

Еще по теме