«КАНДИДАТ-ҚОНАҚТА» - КАНВАССИНГТІ ӨТКІЗУ
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Оспанов Ерік Серікұлы Машат және Мақталы ауылдарында КАНВАССИНГ өткізді.
Канвассинг – бұл партия жақтастарын жекелеп«тарту», белгілі және ықпалға ие адамдарды, депутаттыққа кандидаттардың партия жағына тарту мақсатында оларды үйде немесе жұмыс орнында жеке үгіттеуі. Мұндай кездесулер осы тұлғалардың ізбасарларыныңда «Nur Otan» партиясына деген оң көзқарасын қалыптастырады. Азаматтарға үлгі бола алатын беделді, белгілі тұлғалардың партияның қызметіне белсене атсалысуы жоғары мұраттарға қызмет етудің символына айналуы мүмкін.
