“КАНДИДАТ- ҚОНАҚТА”
2021 жылдың 10 қаңтарда өтетінін қайталап сала кетсек, биылғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі-бұрынғы өткен сайлауларда қолданыста болмаған саяси терминдердің қалыптасуында. Мәселен, сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы «канвассинг» ұғымын негізге алды. Канвассинг – бұл- тұрғындармен бейресми кездесу, партия жақтастарын жекелеп тарту немесе «Кандидат – қонақта» деген ұғымды білдіреді. Бүгінгі Канвассингте «Nur Otan» партиясының атынан Көксу аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Балпық би ауылын аралап, тұрғындар үйінде болды. Кездесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, үгіт-насихат жұмыстарын жасады. Жарқын жүзбен қарсы алған ауыл тұрғындары партияның осыған дейін де ел үшін жасап жатқан игі істеріне оң бағасын берді.
