"КАНДИДАТ-ҚОНАҚТА"
16 желтоқсан күні"КАНДИДАТ-ҚОНАҚТА" шарасының жалғасы Покатилов ауылында өтті. Аудандық мәслихатқа үміткерлер А.Тлесова мен Н.Сунцов Покатилов ауылының зейнеткерлері Т.Демьянованың, З.Орынғалиева және Б.Сенгалиеваның үйіне барып қонақ болып қайтты. Ардақты аналарымыз еліміздегі жетістіктер туралы ой бөлісіп, "Nur Otan" партиясының халыққа жасаған игі істері туралы айта отырып, қолдайтынын білдірді. Алдағы өтетін науқанға дауыс беруге шын көңілден ниетті екенін жеткізді.

