Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНДИДАТ КЕШКІ ҚОНАҚТА

Үміткер кешкі қонақта Түлкібас ауданының зейнеткер әйелдерімен кездесіп, сұхбатта күнделікті мазалаған ойлары мен туындаған мәселелер бойынша ой бөлісті. Кешкі кездесуде кандидат партияның Сайлауалды бағдарламасындағы медицинаға қатысты бірқатар мәселені жіліктеп айтып берді. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші.

Біз денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз.

Медициналық көмектің сапасын жақсартамыз

«Nur Otan» партиясы үшін азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау – басты міндеттердің бірі. Бүгінгі таңда ауданда 1 аурухана мен 52 амбулаториялық-емханалық ұйым медициналық көмек көрсетеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізудің нәтижесінде медициналық қызметтер ауқымы кеңейтілді. Ауылдық медицинаны материалдық-техникалық және көлікпен қамтамасыз ету, шалғай және қолжетімділігі қиын ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады. Аудан тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуді жақсартамыз.

Коронавирусқа байланысты шараларды күшейту жөнінде аудан әкімдері, басқарма басшылары мен тиісті мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың барлығына шектеу шараларына сәйкес жұмыстарды міндеттеп, нақты іс-шаралар жоспары жасалынады.

«Nur Otan» партиясы медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттыру бағытында:

Ø оттегі концентратор, пульсоксиметр аппараттарының санын арттыруға;

Ø науқастарға қолданылатын дәрі-дәрмектің қорын жасақтауға;

Ø тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге;

Ø аймақтық дәрігерлер мен мейірбикелердің аула аралау жұмыстары күшейтіліп, жедел респираторлы вирустық инфекция мен коронавирусты ерте анықтау және алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын уақтылы орындауға;

Ø коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау шараларын күшейту мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу (гигиена, бет перделік тәртіпті ұстану, арақашықтықты сақтау);

Ø коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу мақсатында 30 төсек-орындықты инфекциялық госпиталь ашу;

Ø инфекциялық госпитальді қажетті дәрі-дәрмек қорымен және оттегі беру аппараттарымен жабдықтау;

Ø коронавируске шалдыққан және ем қабылдаған науқастарды, осы науқасқа қызмет жасап жатырған медицина қызметерлерін дәруменге бай азық-түлік және ыстық тамақтармен қамтамасыз ету;

Ø жалпы денсаулық сақтау саласы бойынша негізгі көрсеткіштерде оң динамикаға қол жеткізіледі. Атап айтқанда: 5,5%-ға жүрек-қан тамыры ауруларының төмендеуі, қатерлі ісік аурушаңдығы 6,1%-ға, туберкулез ауруы 22,4%-ға жоғарылаған.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін:

Ø нәресте өлімі көрсеткішін 3,6%-ғадейін төмендету, аналар өлім-жітіміне жол бермеуге;

Ø Састөбе кентінен жаңа дәрігерлік амбулатория ғимараты құрылысын салуға;

Ø Мақталы ауылынан жаңа фельдшерлік-акушерлік тірек ғимаратының құрылысына;

Ø 112 медициналық қызметкердің біліктілігінарттыруға;

Ø дәрігерлік амбулаторияларға және IV санаттағы жедел жәрдем бригадасына 10 автокөлік сатып алуға;

Ø медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, замануи техникалар алуға;

Ø 47249 тұрғынды (жыл сайын 9449 мың адамнан) скринингтен уақтылы өткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетеді. Сонымен қатар, азаматшаларды 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда дауыс беруге белсене қатысуға шақырды.

0
0
155

Еще по теме