КАНДИДАТ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жанар Абдукаримова штабтың қоғамдық қабылдау секторының мүшесі Тасбау Полатовпен азаматтарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға келушілер негізінен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үйге жер беру, табиғи газ және таза ауызсу мәселелері бойынша жүгінді. Азаматтарға бірқатар мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, табиғи газ және ауызсу мәселелері бойынша партияның сайлауалды бағдарламасына енгенін, алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.
