КӨЗБЕН ШОЛУ КОММУНИКАЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түйін: Мақалада қазіргі заманғы ғылымдағы көзбен шолу коммуникациясының орны және оның қалыптасуына дизайн, журналистика, өнер, психология, эстетика, ақпараттық технологиялар, әлеуметтану, семиотика, баспа ісі ғылыми ахуалдарының әсері қарастырылады. Баспасөз БАҚ ерекшеліктерінің бірі — ауызша ақпараттың аудитория арқылы көзбе-көз қабылдауына арналуы.
Резюме: В данной статье рассматривается место и влияние визуальной коммуникации в становлении современного дизайна, журналистики, искусства, психологии, эстетики, информационных технологий, социологии, семиотики и издательского дела.
Summary: This article discusses the location and impact of visual communication in the formation of modern design, journalism, art, psychology, aesthetics, technology, sociology, semiotics and publishing.
Қазіргі заманғы жағдайларда медиялық мазмұнды көзбен шолу рөлі барынша арта түсуде. Оқырманды нақты басылымға қызықтыру, тартуға тек сапалы мәтін ғана емес, сондай-ақ алдымен, көзбе-көз назар қою қабілетті болады. Оқырманда өзіне қажетті ақпаратты алу үшін мол мүмкіндігі болғандықтан, журналистер мен редакторлар контентті оқырманның қажеттіліктеріне барынша жақындатылған түрде ұсынуға тырысуда. Яғни, басылым беттерінде нені ғана емес, сонымен бірге қалай жариялау маңызды. Материалдар реципиенттің санасында сақталып, бекітілу үшін және нақты басылымды еске салатындай ашық және тартымды болып рәсімделеді. Сонымен қоса жариялым тақырыбына қатысты әртүрлі деректерді жинақтайды және қысқа түрде талдамалы өңделген түрде ұсынылады. Барлық жағынан оқиғаның мәні ғана ашылып қоймай, әрі ілеспелі оқиғалар туралы тарихи мәліметтерді, болжамдарды, ұсыныстар мен ақпаратты береді.
Журналистика мен әлеуметтік коммуникациялар теориясындағы мерзімдік басылымдардың көзбе-көз құрылымына арналған ғылыми зерттеулер негізінде «дизайн», «рәсімдеу» терминдерін қолданады, ал мерзімдік басылымның сыртқы түрін жасау үдерісі «модельдеу», «жобалау» терминдерімен байланысады. Себебі бұл үдеріс белгілі бір идеяны жасауды, оны баспа немесе сандық өнімге айналдыруды қарастырады. Мерзімдік басылымды композициялық-графикалық модель деу бойынша жұмыстардың көпшілігінде (В. Бакшин, С. Болховитинова, У. Боумен, С. Галкин, М. Гемпшир, В. Глазичев, Г. Гнатив, В. Иванов, М. Картер, А. Сатон, Ш. Риверз, В. Ризун, К. Стефенсон, И. Табашников, В. Тулупов, О. Яцюк) рәсімдеудің теориялық мәселелері, беттерде материалдарды ұйымдастыру тәсілдері мен әдістері, мәтіндердің, тақырыптардың, иллюстрациялардың графикалық өлшемдері, басылымның сыртқы түрінің құрылымдық элементтері және олардың композициялық сызбалары қарастырылады. Бірақ басылымның мұндай компонентін ғалымдар көзбе-көз контент ретінде аса бөліп жатпайды. Адам санасын басқару тәсілдерінің қазіргі заманғы зерттеушілері (С. Иваненко, А. Карпусь, С. Кара-Мурза, С. Хантимиров, М. Хекало, Т. Шуришина және т.б.) өз жұмыстарының негізіне манызды аспект те қояды.
Мазмұн басымдылығына немесе рәсімдеуге қатысты дискуссия басылымының осы екі аспектілерінің өзара тәуелділігін зерттеуде ғана бастамашылық етеді және ғалымдар үшін зерттеудің жаңа бағыттарын ашады. Дизайн басылымды тартымды етеді және алғашқы әсер соған байланысты. Содан кейін контент өз күшіне енеді, бірақ контент тек мәтіндік қана емес. Адам газет, журнал оқи бастауы үшін оны қызықтыру қажет. Сондай-ақ мәтін бірінші назар аудартатын құрал болып табылады. Тіпті, өзекті материал егер біркелкі рәсімделсе немесе түпкі ойына сәйкес келмесе немесе нақты оқырман аудиториясының қажеттілігін ескермесе материал оқылмай қалуы мүмкін. Тәжірибелі журналистер жалғыз суреттің өзі мың сөзден нәтижелі екенін біледі.
Мақаланың мақсаты дизайнның, журналистиканың, өнердің, психологияның, эстетиканың, семиотиканың, ақпараттық технологиялардың, әлеуметтанудың, баспа ісінің ғылыми жағдайларын жинақтаған ғылым ретінде көзбен шолу коммуникациясының қалыптасуын қадағалау болып табылады.
Суреттер, кез келген бейнелерді рәсімдеудің элементі ретінде бағаланады. Бірақ бұл ақиқатында тек ішінара жауап береді. Шындығында, көзбен шолу компоненттерінің эстетикалық функциясы анық. Дегенмен, БАҚ-тың көзбен шолу түрлерін зерттеуге жекелей алғанда семиотикалық жүйенің белгісімен қатар, басылымның өзге элементтерімен композициялық бірлікте болатын әрбір графикалық элементтің семантикалық, синтаксистік және прагматикалық сипаттамалары жатады.
БАҚ дизайнерлері өзіндік шрифтерді, тартымды графикалық элементтерді, ашық түстерді, бояулы бейнелерді жәй ғана қолданбайды, сондай-ақ олар мақсатты аудиторияның қажеттілігін, материалдың тақырыбы мен басылым концепциясын ескереді. Оқырман нақты материал мен оның рәсімделуін қабылдауға бастапқыда дайын болады, ал сыртқы түр өз кезегінде қызығушылықты қолдайды және соңына дейін оқып шығуға ынталандырады. Интернеттегі сандық басылымды, ақпаратты қарауға қатысты зерттеулер оқырман мақалаға тек 1-2 минутқа ғана тоқталатынын дәлелдейді. Сол себепті олар оқылуы үшін назарды ұстайтын нақты көзбе-көз акценттер қажет. Баспасөз өнімінде рәсімдеу қағидалары сандық форматтан ерекше. Өйткені оқырман әрбір нақты материал бетін құрастыру кезінде ескерген қандай да бір бетке бірнеше рет оралуы мүмкін.
Баспасөз БАҚ ерекшеліктерінің бірі — ауызша ақпараттың аудитория арқылы көзбе-көз қабылдауына арналуы. Яғни жазбаша тіл мен ұлттық белгілерді құрайтын белгілердің белгілі-бір жүйесін графикалық және бейнелі түрде көзбен шолатын түрлер болады. Жеке таңбалық жүйелер ауызша ақпараттық өнімді материалдық белгілеу факторларымен бірге көзбен қабылданатын басылымдарды графикалық рәсімдеу және беттеу болып табылады. Коммуникациялық үдерістерде ақпаратты қабылдаудың көзбен шолу түрлерінің маңыздылығы, нақты материалды құру мен рәсімдеу құралдарын еркін пайдаланатын журналистиканың соңлы өнімінің синтетикалығы бейнелеу журналистикасы мен бейнелеу публицистикасының феномендерін қалыптастырды.
Көзбен шолу қатынасын беру ақпараттық хабарламаның мазмұны мен түрі арасындағы тығыз байланысты орнататын графикалық дизайн арқылы жүзеге асады. Дизайнер хабарламаның мәнін жеткізіп қана қоймай, сондай-ақ оны эстетикалық тартымды етеді. Оның нәтижесі дизайнердің таланты мен кәсіби шеберлігіне, оның тәжірибесі мен күрделі түсінікті жеңіл қабылданатын көрнекі түрге аудара алу мүмкіндігіне қатысты. В. Курушиннің дәлелінше, көзбен шолу коммуникациясы — бұл көзбен қабылданатын бейнелер арқылы жүзеге асатын адамдар арасындағы өзара әрекеттер, қатынастар тәсілі [3, с. 6].
Графикалық дизайн бұқаралық коммуникация құралдарының көмегімен таралатын көзбен шолу хабарламаларына бағытталған көркем-жобалық қызметтің ерекше саласы болып табылады. Көзбен шолу журналистикасына статикалық бейнелерден басқа мәліметтер болуы міндетті емес бейне сюжеттер, подкасттар, фоторепортаждар, слайд-шоу жатады. Бұқаралық коммуникация адамдардың ойы мен мінез-құлқына, бағасына бұқаралық коммуникация баспа, сандық БАҚ, кино, теледидар, әлеуметтік желілер арқылы әртүрлі хабарламаларды жүйелі таратумен қол жеткізілетін экономикалық, саяси, идеологиялық әсер етуді жүзеге асырады. Көзбен шолу коммуникациясы жылжымалы, жылжымайтын бейнелер, көзбен шолу бейнелері, семиотикалық белгілер, түстер, оюлар, шрифт суреті мен т.б. арқылы графикалық құралдармен хабарламаларды таратады.
Көзбен шолу коммуникациясын, медиасфера дизайнын бүтіндей қарастыру оны әлеуметтік нысан ретінде қарастырған кезде ғана тиімді. В. Тулупов баспасөз БАҚ-тың дизайн теориясына көп еңбек сіңірген. Ол «рәсімдеу», «дизайн», « түр жасау» түсініктерін, рәсімдеу функциясы мен мақсаттарын қарастырады, мазмұн мен түрдің байланысын шығарады және баспасөз өнімнің дизайн қағидаларын бөледі. Ғалымның пікірінше, оқырманның ақпаратты материалдық тасымалдағыштан (мысалы, журнал бетінен) қабылдауы көзбен шолу коммуникациясы болып табылады. Себебі ақпараттың басым бөлігі «мәтіндік» құралдар арқылы беріледі, ал ол көзбен шолу арқылы жүзеге асады [7, 55-72-б]. Оқырман түйсіксіз түрде хабарламаны көзбе-көз тіркейді және оларды бір бағамда қабылдамайды. Өйткені көзбен шолу бейнелері реттілік пен жүйелікті талап етеді.
Жалпы алғанда, қоғам дизайнның рөлін және оның тыныс-тіршіліктің әртүрлі аспектілеріне деген әсерін мойындайды. Дизайнның функционалдығы бойынша, әсіресе әлеуметтік-экономикалық, утилитарлық-техникалық және әлеуметтік-мәдени талаптарды ескергенде пікірлер ажырайды [8]. 2001 жылы Сеулде ICSID конгрессінде «Дизайнның ойда болмаған, күтілмеген парадигмасы» деген ұранмен 70 –тен аса дизайнерлер, архитекторлар, философтар, әлеуметтанушылар өркениеттің батыс ( табиғи үйлесімдікті бұзатындар) және шығыс (әлемнің үйлесімдігін сақтау мен дамытуға тырысатын) моделін талқылады. Нәтижесінде бүкіл өмір барысында нысандардың, үдерістердің, қызметтердің және олардың жүйесінің көп қырлы сапасын құруға бағытталған шығармашылық қызмет ретінде «дизайн» түсінігінің жаңа көрінісі мақұлданды. Дизайн инновациялық технологияларды ізгілендірудің орталық факторы және мәдени мен экономикалық алмасудың басты факторы болып табылады.
Графикалық дизайнның міндеті адамды күнделікті өмірде қоршаған нәрсесін ыңғайлы және әдемі ету болып табылатын «пәндік», индустриалдық дизайннан ерекшеленеді. Ол ресми түрде пайда болу күні ICOGRADA Халықаралық графикалық дизайн ұйымдары қоғамының Бірінші конгрессі болған 1964 жыл деп санайтын қазіргі заманғы қолданбалы өнердің дербес бағыты болып табылады. Н. Певзнердің «Пионеры современного дизайна. От Морриса к Гропиусу», Р. Луидің «Никогда не оставляй ничего недоделанным», О. Айхердің «Мир как проект» деген теориялық жұмыстары көркемөнер-көзбен шолу мәдениетінің негізін құрайды және олардың идеялары әртүрлі елдердің ғалымдары арқылы мысалға, К. Ньюарктің, К. Бергердің графикалық дизайнның көзбен шолу -коммуникативтік негіздері бойынша зерттеулерімен және оқулықтарымен дамыды.
Қазіргі заманғы дизайнер-график – бұл «ақпараттық жобалау» әдістерін игерген шығармашылық кәсіби маман ғана емес, сондай-ақ ол көркем құралдарды қолданады және қабылдаудың ерекшеліктерін ескереді. Ашық көрінетін ақпараттық сипаты бар ең үздік деген дизайнер-графиктердің жұмыстары шүбәсіз эстетикалық бағалы және лайықты жоғары өнертанушылық бағаға ие. БАҚ, жарнама, баспа өнімдері дизайны бойынша мамандарын коммуникаторлар деп атайды, ал графикалық дизайн коммуникациялық дизайнға айналды.
«Дизайн» ағылшын тіліндегі түсінігінің этимологиясы төрт мазмұнды қатарды [4] қамтиды және журналдың коммуникативтік дизайнында қолданылу бойынша келесідей болады: Бірінші, декоративтік қатар журналды рәсімдеу тәсілдері мен элементтері: декоративтік элементтер, оюлар, шрифт композициясы, бейнелеу, бос орындар элементтері арқылы анықталады. Екіншісі, жобалық-графикалық қатар журналды рәсімдеу жобасын қалыптастыру үдерісінде, журналдың әрбір элементі графикалық сипаттамада нақты белгіленген орны болатын пішінде жасалады. Үшінші қатар, журналдың жұмыс істеу стратегиясына және мұқабада немесе бірінші бетте орналасқан элементтердің: анонстардың, мазмұнның, бейненің, жарнаманың болуына байланысты. Төртінші қатар - мәліметтердің интерпретациясы, авторлық тұрғыны білдіру, оқырманды қызықтыра алатын құралдарды қолдану, яғни оқырман назарын басқару.
Дизайн коммуникативтік үдерісте таратудың бұқаралығы, утилитарлық-тәжірибелік қасиеттері, түрдің эстетикалық ұйымдастырылуы сияқты функцияларды атқарады. 1952 жылы Г. Спенсер сандық мәліметтерді бейнелі көрсетуге қатысты барлық материалдарды білдіретін «іскери баспасөз» терминін енгізді. 1961 жылы мәліметтерді көзбен шолуға тығыз байланысты «ақпараттық дизайн» түсінігі қалыптасты.
Ақпараттардың тым көптігінен болатын ақпараттық жүктеліс секунд сайын түсіп жатқан барлық ақпаратты адамның қамтуына мүмкіндік бермейді. Оның бір уақытта мыңдаған деректерді қабылдап, талдайтын қабілеті жоқ. «Ақпараттық жүктеме» термині сонау 1964 жылы айтылған, яғни интернеттің пайда болғанына дейін. Ол дұрыс мінез-құлық тәуелді болатын рас баға беру мүмкіндігінің болмауы мен бағытсыздығын білдірген. Қазір адамды барлық жағынан ақпарат қоршап тұр, ал бұл ағымға қарсы қорғаныс – қабылдамау. Адамға бір бөлігі - ақпараттық шу, екіншісі –рас емес, үшіншісі - мүлдем керек емес, төртіншісі - психологиялық әсер ететін мәліметтерді сүзгіден өткізу қиындау. Ақпараттық жүктеме салдары жаңа ақпарат көлемінің өсуі, оны қайталаудың жеңілдігі мен интернет арқылы беру, кіретін ақпараттардың қол жетімді арналарының өсуі, тарихи мәліметтердің үлкен көлемі, мәліметтердің қарама-қайшылығы мен анық еместігі, мәліметтер бөлшегін салыстырып, өңдеу мүмкіндігінің болмауы, кейбір оқиғалардың байланыссыздығы мен қиысныздығы және т.б. болып табылады. [2, 164-б]
Ақпараттық дизайн көзбен шолу құралдары арқылы деректерді көркем етеді және оқырманға хабарлама мәнін мәтінсіз алуға мүмкіндік береді. Ақпараттық дизайнның басым бөлігі - ақпараттық графика мен көзбен шолу. Коммуникация көптеген ғылымдардың: журналистиканың, семиотиканың, әлеуметтанудың, лингвистиканың, психологияның, антропологияның, информатиканың нысаны болып табылады. Сонау 1970 жылы «коммуникация» терминінің жүзден аса анықтамасы болған. Бұқаралық коммуникация әрқайсысы үшін орта болып табылатын екі қатысушымен жүзеге асады Ж. Николаева коммуникацияны келесі функцияларға бөледі [5, 5-б]: әмбебап (коммуникация материалдық пен рухани дүние нысандарының байланыс тәсілдері ретінде), техникалық (түсінік пен хабарламалардың байланысы), биологиялық (тірі жандардың қатынасы үшін сигналдар), әлеуметтік (қоғам байланыстары мен қатынастарының сипаттамасы).
Коммуникациялық дизайн ұзақ уақыттан бері графикалық дизайнның синонимі ретінде болды. Себебі 1980 жылға дейін дизайндағы коммуникацияның барныша кең таралған тәсілі баспасөз тасымалдағыштары болған. Графикалық дизайнның жазықтық композициясын арнайы әсер ету динамикасымен қоса алу мүмкіндігін беретін технологиялардың пайда болуына байланысты динамикалық ортамен жұмыс істей алатын дизайнер мамандар пайда болды. Қазір коммуникациялық дизайн салалары ақпараттық, жарнамалық және корпоративтік дизайн болып табылады. Ақпараттық дизайн саласындағы жетекші зерттеуші Э. Тафти хабарлама мәнін білдіру тәсілдерін түсіндіретін, карталар, сызбалар, презентациялар, компьютерлік интерфейстер, статистикалық графиктер, стереофотографиялар, кестелер, жиналмалы кітаптар түрінде күрделі көп өлшемді ақпаратты көзбен шолудың жүздеген мысалдарын келтіретін кітаптар қатарын шығарды.
Сонымен, көзбен шолу коммуникациясы – бұл көзбен қабылданатын бейнелер арқылы жүзеге асатын адамдар арасындағы қатынас, өзара әрекеттер тәсілі. Мән көзбен шолу коммуникациясында сөз (мәтін) түрінде де және көзбе-көз құралдарымен, көзбе-көз бейнелер, семиотикалық белгілер, түс, суреттер, оюлар, шрифт суреті, композициялық құрылым арқылы таңбалар тілімен беріледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Аронов В. Р. Современная теория дизайна // Проблемы дизайна / Российская академия художеств. Научно-исследовательский институт теории и истории изобразительных искусств. - 2009. - № 5. – 318 б.
2. Гнатюк О. Л. Основы теории коммуникации: учебное пособие. - М.: КНОРУС, 2010. - 256 б.
3. Курушин В. Д. Дизайн и реклама. - М.: ДМК Пресс, 2006. - 272 б.
4. Лазарев Е. Н. Дизайн: от формы вещи до духа человека // Дизайн для всех. - Альманах, 1992. - № 1.
5. Тулупов В. В. Композиционно-графическое моделирование и компьютерная технология впуска газеты // Акценты: новое в журналистике и литературе : альманах. - Воронеж, 1997. - № 1.- б. 55 - 72.
6. Хан-Магомедов С. О. Архитектура советского авангарда. - Кн. 1. Проблемы формообразования. Мастера и течения. - М.: Стройиздат, 1996. - 706 б.
7. Якобсон Р. Избранные работы. - М.: Прогресс, 1985. – 460б.
8. Shedroff N. Information Interaction Design: A Unified Field Theory Of Design. Information Design. - The MIT Press, 2000. - 376 p.
9. Tufte E. Envisioning Information: Images And Quantities, Evidence And Narrative. - New York: Graphics Press USA, 1990.
