Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Займолдин кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге білім , медицна, мәдениет, қоғамдық қызмет көрсету саласының кәсіподақ төрағалары мен төрайымдары қатысты. Атқарып жатқан жұмыс барысы мен ұсыныстарын ортаға салып шешу жолдарын қарастырды. Жалпы кәсіподақ қызметі өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйымдар қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан азаматтардың бұқаралық ерікті қоғамдық бірлестіктері болып табылады. Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлмира Избагамбетованың айтуынша қазіргі таңда білім саласында қажырлы еңбек етіп жатқан тұлғаларға жан- жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Олардың ішінде атқарған жұмыстарына қарай түрлі марапаттарға ұсынылып демалу орындарына жолдамалар беріліп жатқандығын айтады. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары, "Қызмет" мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ойыл аудандық филиалының төрағасы Айдарбаев Мұратбай түрлі марапаттарға ұсынылған әр сала қызметкерлерінің сол мараппатқа лайықтылығына баса назар аудару, мекемелерде тәртіпті қадағалау сынды ұсыныстарын ортаға салды. Бүгінде аудандық кәсіподақ ұйымдары азаматтардың еңбек қатынастарында, жұмыспен қамтылуға, жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға, жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы мен режиміне, жалақының мөлшеріне, қызметкерлердің шығармашылығы мен демалыс орындарына баруға тағы басқа байланысты туындаған мәселелерін шешіп, кәсіподақ құқығын қорғауда елеулі рөл атқарып келеді.

0
0
377

Еще по теме