КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУҒА КӨП КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ
«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер жерлесіміз, Мөлдір Бақытжанқызы бүгін Шардараға сапары барысында ауданымызда жүзеге асып жатқан кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жұмыстармен танысты. Осы орайда үміткер облысымыздағы ең үлкен балық зауытының бірі – «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне қарасты балық зауытының жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Балық зауытында өткізілген жиында жерлесіміз партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы кеңінен тарата айтты. Сонымен бірге оларды сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы Бақытжан Серманизов әріптесін қолдайтындықтарын білдіріп, үміткерге сәттілік тіледі.
–Шардара ауданында 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 71%-ға жеткіземіз. Нәтижесінде 2025 жылға дейін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өзін-өзі жұмыспен қамтыған 200-ге жуық азамат стартап грант пен несие алады, шағын және орта бизнестің үлесі 12%-ға артады,-дейді М.Бақытжанқызы.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
