Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ҮЛКЕН ҚОЛДАУ ТАБАТЫН БОЛАДЫ

Жаңа жылға қарсы бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер - А.Омаров Түлкібас ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша тікелей эфир өткізді. Партияның бағдарламасында 7 басым бағыт айқындалған. Олардың 100%-ы мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Бағдарламаның міндеттері Түлкібас ауданындағы ауылдық округтердің негізгі сұраныстарын қамтиды, қоғамның өзекті мәселелеріне жауаптар береді.

Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану. Сайлауалды бағдарламадағы экономикалық тұрақты аудан бағытын ішіндегі кәсіпкерлік саласына тоқталды.

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, ауданадағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты.Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті.

Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты.Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен3кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы 2 азаматқа грант ұсынуға;

 жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 2021 жылы2 жоба, 2022 жылы 3 жоба, 2023 жылы 4 жоба, 2024 жылы 5 жоба, 2025 жылы 6 жобаны қайтарымсызмемлекеттік грантпен қамтуға;

 «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы 2021 жылы 8 жоба,2022 жылы 9 жоба, 2023 жылы 10 жоба, 2024 жылы 11 жоба,2025 жылы 12 жобаны іске асыруға;

 «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жыл сайын жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 250-ге жуық азаматтарға 15 стартап гранттар мен33 жоба бойыншанесие алуына жағдай жасауға (мал шаруашылығына, балық, құс өсіруге, кәсібін кеңейтуге);

 мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға және бизнес жобасына сәйкес қаржыландыруды жүзеге асыруға;

 «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс»МҚҰ» ЖШС,«АШҚҚҚ» АҚ-ның, Аграрлық несие корпорациясы және шағын несие ұйымдары арқылы350 жобаны несиелендіруге;

 «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен2012 жылы 12 жоба, 2022 жылы 14 жоба, 2023 жылы 16 жоба,2024 жылы 18 жоба,2025 жылы 20 жобаны ұсынуға, ірі кәсіпорындардыңсервистік қызметпен (құрал жабдық, азық-түлік және т.б.) қамтитын шағын кәсіпкерлікті дамытуға;

 ауданның жалпы өңірлік өнімнің көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 37,5%-дан 2025 жылы 40,0%-ға, 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлерүлесін 98,0%-ға арттырып, жұмыскерлер санын18,1 мыңғажеткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін шағын және орта кәсіпкерлер үлесі 98,0%-ға артып, өндірілген өнім көлемі 2,1 есеге өседі, яғни 80,7 млрд. теңгеге, ал ондағы жұмыскерлер саны 18,1 мыңға жетеді.

Тікелей эфир барысында кандидат сайлауалды бағдарламада көрсетілген кәсіпкерлік саласына қолдау көрсететіндігін айтып, NUR OTAN-ға дауыс беруге шақырды.

0
0
147

Еще по теме

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ҮЛКЕН ҚОЛДАУ ТАБАТЫН БОЛАДЫ - Yvision.kz