КӘСІПКЕРЛІК САЛА ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Кездесуде "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының кәсіпкерлік салаға беріліп жатқан мүмкіндіктері туралы айтылды.Бағдарлама "Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Шағын және орта кәсіпкерліктің Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлік субъектілері халықтың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған секторларда жұмыс істей отырып, дамуға жаңа импульс беруіне жол ашу. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылдау,қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуды, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, құзыретті арттыруға жәрдемдесуді, консультациялық қолдау алуды және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер тарту. Жалпылама айтқанда, бағдарлама 2020 – 2024 жылдар кезеңінде іске асырылатын өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауды және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететінін жеткізді. Сала мамандары. Жиынға қатысқандар, сала аралық пікір алмасты.
