Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ"

Бүгін аудандық партия филиалының конференц залында ауылшаршалық саласының басшылары мен аудан жастары арасында "Кәсіпкерлік негіздері" атты еркін тақырыпта кездесу өткізілді. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуатбек Сағымбекұлының төрағалығымен кездесуге ауданның ауылшаруашылық саласын дамытып жүрген бетке ұстар азаматтары "Көк Тал" ШҚ төрағасы - Тулешев Бейбет Асқарұлы мен "Майлыкент Агро" ЖШС төрағасы Жабатаев Берік Қамысбекұлы қатысты. Кездесу барысында жиынға келген кәсіпкерлер қатысушы жастарға кәсіпкерлікті дамытудың жолдарын айтып, еріншек болмауға, кәсіпкерлік көзін ашудан қорықпауға шақырды. Сонымен бірге, әр кәсіпкер жұмыс мақсатында іс-сапарда шет елдерде болған қызықты оқиғаларын айтып берді. Кәсіпкерлік - адамдардың белгілі бір істі істей алу қабілетті және іскерлік белсенділігі. Атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры - Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950) : "Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу" деп түсіндірген. Жиың соңында кәсіпкерлер жастарға өмір жолында сүрінбей, биіктен көрінулеріне сәттілік тіледі.

0
0
224

Еще по теме

"КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ" - Yvision.kz