КӘСІПКЕРЛІК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ
Еліміздегі оңтайлы да орнықты қарым-қатынасты одан әрі дамытуда шағын және орта бизнес елеулі орын алады. Сондықтан да шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты міндеті. Ауданда бұл бағытта нақты жұмыстар жүзеге асқан. Әлі де атқарылар істер көп болмақ. Оған ешбір күмән келтіре алмаймыз. Бұл сонымен бірге ауданда жұмыссыздықты едәуір төмендетуге оң әсерін тигізбек. Қолға қаржы алып, өз кәсібіңді ашып, несібеңді теріп жеу – нағыз ерге сын десек, дұрысы осы. Қарап отыру, мемлекет мені асырайды, мен оның адами капиталымын деп құр босқа ақылсыну – шектеулі ой адамының әрекеті. Парықсыздық белгісі. Бүгінгі күн адамының сөзі емес. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл-аймақ, елді мекендер көріктене, абаттана түседі.
Ел кәсіпкерлеріне қолдау білдіру мақсатындағы Елбасының әрбір бастамасы ел әлеуетін, оның әлеуметінің жай-күйін одан әрі арттыра түсетіндігіне еш күмән жоқ. Экономикамыз артып, мәдениетіміз, тұрмыстық хал-ахуалымыз жақсарып келеді. Сонымен бірге осынау игі де ізгі бастамалардың құр сөз емес, әрқашанғыдай нақты қаржылай негіздерге сүйенгендігі біздің көңіл-күйімізді, ертеңге деген сенімімізді жоғарылатады. Бұл мықты нәрсе. Сенімге селкеу түсірмеу Елбасы, партия төрағасының көрегендігінің басты қасиеті. Ерекшелігі.
Біз, «Nur Otan» партиясының құрамындағы кәсіпкерлер ХХ съезде айтылған әрбір сөзді, алға қойылған жоспарларды өз арамызда, ел ортасында, насихаттауға, ұғындыруға, түсіндіруге кірісіп кеттік. Кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталып жатқан әрбір игі қадам әлеуметіміздің әлеуетін әсерлі әрекеттерімен нығайтып, одан әрі жақсарта түседі деп білеміз. Бұл өз кезегінде халқымыздың өркендеуіне ашылған жарқын жол деп ұғынамыз. Бұл ел кәсіпкерлеріне берілген зор мүмкіндік.
Сондықтан, БІЗ Мақтааралдық кәсіпкерлер біртұтас еліміздің бірегей халқы іспеттес, ортақ іске алдағы уақытта да жұдырықтай жұмылып, бір кісідей ұйысқан ұйымшылдықтың үлгісін көрсете отырып 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс береміз. Жарқын болашаққа саналы таңдау жасау – біздің парызымыз. Әрі төл міндетіміз бола бермек.
ДҮКЕНБАЕВ Салман Өсербайұлы,
