КӘСІПКЕРЛЕРЛІК АШУҒА МОЛ МҮМКІНДІК БАР
Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының еліміз бойынша 17 басымдығы мен Сарыағаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының 7 бағытымен таныстырды.
Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%- ға дейін қысқартып, бизнес үшін кедергілерді жою және бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнестің қызмет алаңын кеңейтеміз.
Отандық тауарлар өндірісін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар шикізатпен толыққанды қамтамасыз етіледі.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие халық тұтынатын тауарлар өндірісі артады.
Нәтижесінде, өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе өседі.
Біз «Бизнеске арналған үкімет» кеңсесін енгіземіз, салықтық бақылауды толығымен цифрландырамыз және салықтық міндеттемелердің орындалуын қашықтан мониторингтеуді қамтамасыз етеміз.
Бизнесті салықтық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шегі қайта қарастырылады. Кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттері тек қана соттың немесе прокурордың санкциясымен мүмкін болады.
Азаматтардың денсаулығын және экологияны қорғаудың принциптеріне сәйкес келмейтін барлық ескі нормативтік-реттеу құжаттарының күші жойылады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасалған Топ-20 мемлекеттің қатарына кіреді.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
