Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ – ТАБЫСТЫ КӘСІП ПЕН ЖЕМІСТІ ЭКОНОМИКАҒА СЕБЕПШІ

Бүгін, 10 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінде кәсіпкерлік салаға аяқ басқан және өз кәсібін жаңадан бастамақ ниеттегі азаматтарға ашық кездесу алаңы ұйымдастырылды.

Кездесуге БҚО кәсіпкерлік басқармасының, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры несие бөлімінің, «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Орал қалалық жұмыспен қамту орталығының басшылары келіп қатысты.

Шара барысында азаматтар өздерінің сауалдары мен мәселелерін онлайн қосылу арқылы және тікелей келіп те жеткізді.

Солардың бірі –Кенжегүл Айтмұқашева.

Кенжегүл – 2020 жылдың тамыз айында 500 мың тг көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болған көпбалалы ана. Өзінің кәсіпкерліктегі алғашқы қадамын – құс шаруашылығынан бастаған ол, бүгінгі күні кәсіпкерлік саладағы тәжірибесінің жеткіліксіздігінің және кеңесші мамандардың мардымсыз ақпараттандыруының салдарынан 3 айдың ішінде сәтсіздікке ұшырап отыр.

Бұл орайда, Орал қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары – Наурызбай Дауешов, кеңес сұрай келген кәсіпкерге мәселеден шығу жолдарын ұсынды.

Сонымен қатар, zoom платформасы арқылы қосылып, өздерінің сауалдарын қойған азаматтардың ішінде – жастар мен ауыл тұрғындары да болды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры несие бөлімінің басшысы – Азамат Ахметов, 3 жылға берілетін 6%-дық несиелерге тоқталып, қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан «Еңбек», «Бизнес жол картасы» бағдарламалары туралы ақпараттар берді.

0
0
116

Еще по теме

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ – ТАБЫСТЫ КӘСІП ПЕН ЖЕМІСТІ ЭКОНОМИКАҒА СЕБЕПШІ - Yvision.kz