КӘСІПКЕРЛЕР ПАРТИЯҒА ҮМІТ АРТАДЫ
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сәкен Займолдин, Еркін Жиеналин, Медет Кулмуханов, Айдана Табынбаева, Айбек Базылович, Нұрсұлтан Дәулетқалиев "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Ойыл ауылының кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуде сайлауалды бағдарлама толық түсіндіріліп, кәсіп бастап өзін өзі қаржыландырудың даңғыл жолына түсу керектігі айтылды.
