КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ХАЛЫҚҚА АДАЛ ЖӘНЕ ТИІМДІ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН
«Қазақстан – 2050» Стратегиясында жаңа саяси курсты жариялағаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрпатын түбегейлі өзгерту және оны қазіргі заманғы жаңғырту процестерінің басшысына айналдыру үшін бағытталған реформалардың біртұтас кешенін ұсынды.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппаратын қалыптастыру міндеті басты орында. Бұл үшін жетілдірілген таңдау әдістемелері мен кәсіби даярлық, меритократия қағидатын енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту арқылы мемлекеттік қызметтің кадр құрамын сапалы жақсарту көзделген.
Түбегейлі және ауқымды өзгертулерге, дүниеге көзқарасты өзертуге бағытталған құндылықтарды енгізуге бағытталған реформаларды жүзеге асыру мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру мен халыққа адал және тиімді қызмет етуге бағдар алған мемлекеттік аппарат құруды көздейді. Әлем тарихында мұндай деңгейдегі жаңғырту реформалары шала болғандықтан немесе кертартпалық пен кәсіпқойлықтың жеткіліксіздігінен және мемлекеттік аппараттың сыбайлас жемқорлыққа батқандығынан жолсыздыққа әкеп соққан жағдайлар аз болмаған. Сондықтан, Мемлекет басшысы осы институционалдық реформаға ерекше назар аударуда.
Мемлекеттік кәсіби аппарат құруға көзқарастың маңызын екі негізгі мақсат айқындайды.
Біріншіден, біз меритократия қағидатын ұстануға тиіспіз, бұл мемлекет басқаруға, халыққа адал қызмет ету құндылықтарын жақтайтын ең қабілетті мамандарды тартуға мүмкіндік туғызады. Бұл үшін кадрларды іріктейтін жаңа тетік қолданылатын болады.
Мемлекеттік қызметке алғашқы рет орналасқан тұлғалар оны төмен лауазымдардан бастайды. Оларға міндетті сынақ мерзімі белгіленеді. Қызмет сатысы бойынша әрі қарай өсуі тек қана конкурстық негізде орындалатын болады. Бұл мемлекеттік қызметтің маңсаптық моделіне көшуге мүмкіндік туғызады, адам өз кәсіби жарамдылығы мен жоғары жеке әлеуетін ұдайы дәлелей отырып, қызмет сатысы бойынша көтерілетін болады.
Ротация институты сақталып, «Б» корпусының басшы лауазымдарына таратылмақ, бұл мемлекеттік аппараттың кәсібилігіне оның рөлін күшейтуге мүмкіндік туғызады. Бұл үздік компаниялардың кәдімгі тәжірибесі мамандарға әр лауазымдарда жұмыс жасап, тиімді менеджер болуға мүмкіндік туғызады. Сонда жасырын командалық ауысуларға жол бермеуіне ерекше назар аударылатын болады. Ротация тәртібінде лауазымдарға тағайындалған адамдарға қызметтік тұрғын үйді міндетті түрде берілуі көзделген.
Ал конкурстық комиссиялары шешімдерінің әділдігі жөнінде айтар болсақ, ол ең алдымен конкурстық рәсімдердің жариялылығы, жетілдіруі және оңалтуы арқылы қамтамасыз етілетін болады. Мұнын бәрі жаңа заңнаманың нормаларымен реттелетін болады. Одан басқа, бізде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі түрінде кадрлық тағайындау мониторингінің жақсы құралы бар, оны пайдаланып, біз кез келген мемлекеттік органда меритократия қағидатының бұзушылықтарына жол бермей, тыя аламыз.
Ұлт жоспарында көрсетілген екінші мақсат – бұл мемлекеттік қызметтегі уәждеме деңгейін едәуір арттыру. Маңсаптық және кәсіби жоғарылату үшін жағдай жасау - осы мақсатқа жету тетігінің негізгі буыны болып табылады. Мұндай кепілдіктерді заң жүзінде бекіту және мемлекеттік қызметшілердің мүдделерін қорғау, үздіксіз оқу және қолайлы жұмыс ортасының тиімді жүйесін жасақтау, басқа шаралар халыққа қызмет етуге таңдау жасағандардың уәждемені күшейту негізіне жатады.
Сонымен қатар, Ұлттық комиссия деңгейінде Президенттің тапсырмаларын орындау үшін, мемлекеттік қызметшілердің материалдық ынталандыру мәселелері қаралған.
Олардың еңбекақысы екі құрамдас бөліктен тұратын болады.
Біріншісі – бұл кепілді берілетін бөлік. Ол факторлық – балдық шкала арқылы белгіленетін болады, ол лауазымдар сатысын ғана емес, қызметкердің нақты жүктелімін және мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына жетуіне оның үлесін ескеретін болады. Бұл әдіс АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Сингапур, Малайзия сияқты елдерде тиімді қолданылуда. Еңбеақының екінші құрамдас бөлігі – бонус түрінде оның ауыспалы бөлігі. Олар жылдық жеке жоспарларды орындау бағасына қарай төленетін болады. Өте жоғары және жоғары нәтижелерге қол жеткізген мемлекеттік қызметшілерге тиісті бонус төленетін болады. Қанағаттандырлық баға алған жағдайда құзырет дамуының жеке жоспарлары әзірленеді. Сонымен қоса, лауазымдық жалақыларға аумақтық түзету коэффициенттері енгізілетін болады. Бұл шаралардың барлығы мемлекеттік қызметшілердің еңбек төлемінің әділ және лайықты деңгейін қамтамасыз етуге, олардың бәсекелестік қабілетін күшейтуге бағытталған. Біз алғашқы рет мемлекеттік қызметтің әлеуеті нашарлаудың негізгі себептерінің бірі болып табылатын теңгермешілік тәсілден бас тартып отырмыз. Еңбек төлемінің жаңа әдістерін қолдану келесі жылдан басталмақ.
Мемлекеттік қызметтің Жаңа этика кодексі әзірленетін болады, ол лауазымды адамдардың қызмет бабында ғана емес, сонымен қоса күнделікті тұрмыстағы мінез-құлықтарының стандарттарын айқындап береді. Кодекс талаптарының сақталуын қадағалайтын этика бойынша уәкілдер институты енгізілмек. Жауапты лауазымды адамдардың және мемлекеттік органдар басшыларының этика нормаларын бұзғаны үшін заң жүзінде тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік белгіленетін болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде айтатын болсақ, Мемлекет басшысының саясатына сәйкес Агенттік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдардың лауазымы мен мәртебесіне қарамастан, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету жөнінде жүйелі шараларды қолдануда. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты ескерту және оның алдын алу бойынша жұмыстың күшейтілуіне көп назар аударылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қағидаты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы үшін негізгі қағидаты болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың себептерін және жағдайын анықтау мен жою – біздің жұмысымыздың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңының негізгі қағидаттары мен механизмдері барлық құқық қорғау органдарына қатысты болмақ. Ол екі бөлімнен тұратын болады. Жалпы бөлімінде әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасудың негізгі талаптарын реттейтін нормалары көрсетілетін болады, олар конкурстық рәсімдердің жариялылығын және әділдігін, сондай-ақ меритократия қағидатын қамтамасыз етудің жалпы механизмдерін айқындайды. Заңның ерекше бөліміне әкімшілік және құқық қорғау қызметін өткеру ерекшелігін көрсететін нормалар енгізілетін болады.
Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау өткізілмек. Ол қызметшілердің кәсіби құзыреттілік пен жеке қасиеттер деңгейін жаңа талаптарына сәйкестігін анықтау қажеттілігімен негізделген және реформа жағдайында мемлекеттік аппаратының кадрлық әлеуетін әділдікпен бағалап, тиімді пайдалануға жәрдемдеседі. Бұл өз күшіне сенетін және мансапқа жетуге талпыныс білдіретін адамдарға жақсы мүмкіндік, өйткені алдағы аттестаттаудың негізгі мақсаттардың бірі жоғары жеке әлеуеті бар ең қабілетті мамандарды іздеу болып табылады. Оның нәтижелерінің негізінде жеке жұмыстың жоспарларына, оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларына түзету енгізіледі.
Белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру бағдарламалардың сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кәсіби мемлекеттік аппаратты жасақтау үшін қажетті жағдай жасайды. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жылдамдығы, көбінесе дұрыс басқарушылық шешімдерден тәуелді, өйткені мемлекеттік қызмет – еліміздің серпінді дамуының елеулі құрамдас бөлігі болып табылады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі Ақмола облысы бойынша
департаментінің басшысы Н. Исақов
