Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ САУДА ҮЙІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

Оралда «AMANAT» партиясының сайлауалды штабы өкілдері «Жәңгір хан» сауда үйінде үгіт-насихат жүргізді. Өңірлік сайлауалды штабтың жетекшісі Мұрат Мұқаев және партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мирболат Құрманғалиев, Мұратбек Мұхамбедиев және облыстық мәслихатқа бірмандатты сайлау округі бойынша үміткер Нұрлан Серғалиев кәсіпкерлер мен тұтынушыларға сайлауалды бағдарламаның мақсат-міндеттерін түсіндірді. Кейін шара көшпелі қоғамдық қабылдауға жалғасып, кандидаттар тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сан салаға қатысты айтылған пікірлерді үміткерлер алдағы уақытта партиямен бірге назарға алатынын жеткізді. #AMANAT2023 #ДауысберAMANAT2023 #ГолосуйзаAMANAT2023

0
0
150

Еще по теме

КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ САУДА ҮЙІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ - Yvision.kz