Бүгін аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Түлкібас ауданына қарасты Машат ауылдық округі тұрғындарымен көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Бұл жиынға мемлекеттік мекеме басшылары мен дербес бөлім қызметкерлері қатысты. Көшпелі қоғамдық қабылдауды аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы ашып, жүргізіп отырды.
Машат елді мекені тұрғындарынан халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік салағы қатысты сауалдар, қазірге елде болып жатқан пандемияға байланысты білім саласы бойынша шалғай елді мекен тұрғындарының интернетке қолжетімділігі, сапалы ауыз су сынды бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Әр сауалға жауапты мамандар жауаптарын беріп, алдағы уақытта орындалатындығын жеткізді.
Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры - Ибраимов Әскербек Мұхтаралыұлы орталықтың 2021 жылға арналған жұмыс жоспарымен және атқарылатын жұмыстарқа қысқаша тоқталып өтті. Көшпелі қоғамдық қабылдау өз кезегінде келесі айда жалғасын табатын болады.