КҮРШІМ АУДАНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚТҰРАҚТЫ АУДАНҒА АЙНАЛАДЫ.
2021 жылдың 7 қаңтар күні Күршім аудандық мәдениет үйінде штаб мүшелері аудан сайлаушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Сайлауалды бағдарламаның «Экономикалық тұрақты аудан» атты 1 тармағы бойынша штаб мүшесі Рауан Ақылбекұлы, «жайлы аудан» тармағы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы, штаб мүшесі Ақтекенов Есманбек Адаевич, «Әлеуметтік бағдарланған аудан» тармағы бойынша Керуенова Гүлнар Ермековна Сарыөлең дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі, штаб мүшесі, «жастарға арналған аудан» тармағы бойынша Инабат Бақытханқызы аудандық мәдениет үйінің әртісі, «ашық және есеп беретін жергілікті органдар» тармағы бойынша штаб мүшесі Маденов Шаурахмет сөз сөйлеп сайлаушыларды сайлауға келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Кездесуді қорытындылап, қойылған сұрақтарға жауап беріліп, берген аманаттарын тіркеп алынды. Аудан сайлаушылары Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпірге қуанатынын айтып, алғыстарын білдіруде.
«Nur Otan» -нақты шешімдер мен жарқын істер кепілі!
«Nur Otan»-ға дауыс бер!
