КӨПТОҒАЙ ОКРУГЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін түстен кейін «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Көптоғай елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде Ойыл ауданы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында түсінік жұмыстарын жүргізілді. Толығырақ тарқатсақ, кездесуде үміткер Мейрамгул Омарова сайлауалды бағдарламадағы Әлеуметтік- бағытталған аймақ бойынша азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуының көрсеткішіне «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық сайлауалды бағдарламада баса назар аударатындығын атап өтті. Әрі қарай Сәндібек Нұрбаев пен Айбек Асылбеков Медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыруда «Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттерімен таныстырып ғана қоймай «Аудандық барлық орта және негізгі мектептерін химия, физика, биология пәндерінің жаңа буынды кабинеттерін кезең-кезеңімен толық жиынтықталған жабдықтармен қамту арқылы еліміздегі өнеркәсіп саласын дамытуға мектеп кезінен даярлау керек.», - дейді үміткер Нұрсұлтан Дәулетқалиев
