КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ШЫНДЫҚ ШЫҢЫНДА
ШЫНДЫҚ ШЫҢЫ ҒЫЛЫМДА
ШЫНДЫҚ ШЫҢЫНДА
Мәселенің не туралы екенін бірден білдіру үшін сөзімді бір аяттан бастаймыз.
«Кітаптағы Ыдрысты ескер. Өйткені ол шыншыл бір пайғамбар еді. Оны жоғарғы орынға көтердік» (19-сүре, 56, 57-аяттар) (Аударма: Халифа Алтай).
وآذكر فى الكتب ٍِادريس انه كن صديق نبيا (۵٦) ور فعنه مكانا عليا [۵٧]ٍِ(۱٩-سورة مريم)
Бұл арада бізге ойлану үшін ишарат етілген зор мағына жатыр деп білеміз. Өйткені Ыдрысты шыншыл пайғамбар деп жоғары дәрежеге көтеруде, пайғамбарлыққа көтеруде, Аллаһға жақындатуда, жанатқа және көкке шығаруда каф бар. Расын алғанда пайғамбарлардың бәрі де шыншыл, жалғаншы пайғамбар жоқ. Мәселе сол шындықтың түрінде, оның айыр-масында, оның сатылы дәрежесінде, оның санатында. Айтайық біз: «Аллаһ бір, пайғамбар хақ» деп иман келтірдік. Ол шындық. Бірақ сол үшін жоғары дәрежеге бірден жете алмай-мыз. Ол ұзақ жол, ол бөгетті, тосқауылды соқтықпалы жол. Оған зор еңбек еткен ерлер ғана жете алады. Ыдрыс жан аямай Аллаһға сыйынып ғылым жолына еңбек еткен адам.
Біздердің бұл дүниедегі өміріміз ол дүниедегі мәңгілік шын ұлы бақыт өмірге тек дайындық, сын майданы, уақытша нәрсе. Мұндағы мақсат адамдарды електен өткізіп, кімнің қандай орынға лайық екенін айыру. Расында пасық, надан, қиянатшыл, жалқау, өтірікші адамдармен адал, инабатты, Алаһты таныған, иман келтірген, пайғамбарларға ерген адамға жақсылық істеген, ізгі, ойшыл, ғалым, хакімдер тең болар ма?!
Шындық жолында әр адам әртүрлі жолда болмақ: тақуалық, софылық, мырзалық, өнерпаздық, батырлық тағысын тағылар.
216
Соның ішінде ең сенімдісі, ең тұрақтысы, ең көп еңбек керек ететін түрі дәлді ғылыми жол. Ақыл, қайрат, жүрек үшеуі та-ласып келіп ғылымға жүгінеді ғой Абай ілімінде. Міне осы мәселе соған соғады. Ғылым болғанда оны үлкен, кең мағынада алып қаралық. Тәңірім Аспанды да, Жерді де адам үшін жарат-ты. Адамды жерде халифа етті. Демек, сол тұтас ұлы ғаламды Кең түрде алып, жан жақты талдау ең жоғарғы дәрежелі шындық сол болмақ, Ыдрыстың шындығы сол болған.
Ыдрыстың пайғамбарлар тарихындағы мәліметіне келейік. Құранда ескерткен ғой: «Кітаптағы Ыдрсты еске ал» деп. Ол кісі өте ертедегі пайғамбар. Үшінші пайғамбар: Адам ата, Шис, Ыдрыс. Яғни ол топан судан, Нұхтан бұрынғы адам. Мөлшермен алғанда ол кісі осыдан кемінде 25 мың жыл шамасы бұрын болған деуге болады.
Ыдрыстың үлкен әкесі Миһлаил Бабыл (Вавилония) жаққа қоныстанып Сус шаһарын салдырған. Оның Иар атты баласы-нан Ыдрыс дүниеге келеді. Оның туған жері Мысырда (Египет-те) Маниф (Манфис) деген қоныс болады. Демек оның аталары Вавилониядан келгендер.
Ыдрыстың он түрлі қасиеті- өнері болған: 1) пайғамбарлық, 2) ғылым Нажум (Жұлдыз) ғылымы, 3) жазу-сызу өрнегі, 4) ке-мешілік, 5) соғыс құралын жасау, 6) жасырын жаулармен соғысу, 7) жасырын жауларды қолға түсіру, 8) тоқыма киім тігу, 9) Мұ-хаммад мустафи Хабиб Аллаһ дегені, 10) Аллаһтың бірлігін Аспан ғибратынан алған.
Осы істеріне сәйкес ол кісінің ныспы есімдері болған. Атасының қойған аты Ахнух. Дұрыс істерді көп істегені үшін оны Ыдрыс атаған. Ол жұлдыз ғылымын негіздегені үшін оны жұлдыз атымен Һарміс атаған. Ол Һарміс грекше Гермес, ла-тынша Меркурий (сынап), мысыр аңызынша Тот, арабтарша Ғұтарад, қазақша Айқыз –екінші аспан, яғни бірінші, Айдан кейінгі көк. Ол Ай мен Шолпан арасындағы, Күнге ең жақын нөкері. Жеті хат көктің кішісі сол себепті Күн нұрынан бірде көрініп, бірде көрінбейтін жабық жұлдыз (Гермес аты сонан) (1-суретті қараңыз). Оның металы сынап (80). Сол бойынша ол латынша –сынап-Меркурий аталған. Сынап деген сөздің әріптерін керісінше оқып абсын деген –сыр –сынап-ал-
217
химиялық әдіске жалғасады. Өйткені сынап Алтынды ерітеді.
Демек тастан алтын айырып алудың басты әдісі. Алтын -Күн металы. Ал Ыдрыс алхимияның негізін салған адам. Оның Мысырша Тот аталуын ертедегі аңыз бойынша Күннен бергі ішкі үш серік: Ай, Айқыз, Шолпан. Осы үшеуінің әулиесі Тот аталған.
Бұл сөз, бәлки – арабша – қазақша Тот-Тұт ағашпен бай-
ланысты болуы мүмкін, өйткені ол Жібек құртының ағашы. Жібекті арабша Қыз дейді (Айқыз, аты сонан болу керек). Ыдрыс тоқыма киімге үйреткен соң Тот ағаш еккен. Енді бір тамашасы Ыдрыстың бір аты үшкіл-Маслас (=مثلث1070).
Барлық ғылымның негізі есеп - өлшеу болса соның ең басты жазық мүшесі-беті үшкіл бейнеден тұрады. Осымен байланысты Мысыр үшкілін еске алайық. Қатар алған үш сан-нан тік бұрышты үшкіл шығады: 3+42=52; 9+16=25; Оның бұрыштары: 36052/+5308/+900 =1800 Мұндағы үш сан: 3,4,5
ғаламның барлық бес тегін құраушы заттардың жақ бейнелері: үшкіл, төрт, бескүл... Бұл мәселені әл-Фараби зерттеп, тамаша мирас қалдырған. Оған ораламыз.
Бұл арада ескертетініміз. Қазірге батыс елдері ішінде мұны Пифагор үшкілі деседі, онан шыққан заңды тағы соныкі деседі. Пифагор ілімді сол Мысыр елінен әкелгені белгілі. Сол себеп-ті біз оны Ыдрыс –Маслас атымен аламыз. Бұл арада бір сөз тағы есте болсын. Жібекті арабтар Қыз дейтіні айтылды. Екінші жағынан айтылған үшкілді Мысырлықтар жіппен (арқанмен) үш қазық қағып, 12 мүшелдік түйін түйіп жасайды екен дейді. Ол жіптері Жібек болса, онда ол жібек үшкіл немесе қызүшкіл болмақ. Ал қыз деген сөздің сандық мәні болады 107. Яғни Масаласқа дәл келеді (1070=107*10).
Ыдрыстың тағы бір ныспы аты Балнағима. Ол бақытты мағынасында болса керек. Яғни ол тірідей жоғары дәрежеге жетіп, аспан әлемін аралауда.
Тағат-ғибадат пен Жұлдыз ғылымын бірдей ұстаған Ыдрыс періштелермен дос болды. Күннің ыстығы өткенде ол: неше мың жылдық жолдан Күн бізге әсер етеді. Оған жақын періштелердің қалы нешік болар! Оларға жеңілдік бер, деп дұға қылды. Дұғасы қабыл болды. Періштелер оны аспанға көтеріп, Күн жанына қойды. Ғазрилге барып, Ыдрыстың ажалы қашан деп сұрады. Ол айтты, оның ажалы Күн (Қуят) жанына барғанда болар. Ол онда бармас, яғни өлмес деді. Ол қазір Қуяш жанын-да деді. Қараса ол өлген. Жеті хат Көк халқы жаназа намаз оқып байт ал-Мағмуриға көмген. Ғазраил келіп оның жанын алып, қайта тірілтуді сұрады. Оны қабыл етті. Ол тамұқты көрді. Со-нан кейін ол ұжмаққа барды да, онан шықпады.
219
Ол бағзы уақытта ұжмақта, бағзы уақытта төртінші хат көкте, бағзы уақытта алтыншы хат көкте періштелермен бірге ғибадат қылады. Расын Аллаһ біледі (والله اعلم بالصواب) Нұхпайғамбар оған немере болып табылады (Бұл мәліметтер Рабуғузидың Қисасил Анбия кітабынан алынды).
Осы мәліметке байланысты «Алматы ақшамының» 1994 жыл, 11-қарашада шыққан нөмірінде мынандай мақала басылған: «Жақында Америка ғылымы болжам жасаған: Марсқа жіберіл-ген американ ғарыш кемесінен алынған деректерді бір топ жас ғалымдармен бірге зерттегенде, Марста (Арайда) Египет пира-мидаларына ұқсас құрылыстар бар болып шықты. Және Рихард деген болжам жасайды. 1976 жылы Марсқа ұшқан американдық ғарыш кемесіне орнатылған соңғы үлгіде жасалған фотокамера Күн жүйесіндегі Жерге ең жақын планеталардың бетінен ежелгі өркениет белгілерін тапқан. Р.Хоаглэнд бұған қатты қызығып, зерттеуге бір топ математик, физик, компьютер маманда-рын қатыстырған. Олардың ойынша Марс бетіндегі суретке түсірілген ерекше алып пирамида жердегі египет пирамидала-ры мен адамның бет бейнесін салған сфинкс аралары ұқсас болған. Олар тіпті бір ғана математикалық жүйеге бағытталған жобамен салынған деседі. Тек екеуінің көлемдері екі бөлек...» -Арайдағы үлкен. Демек ғалымдар пирамида жер мен көк байланысына айғақ деп біледі.
