Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚИАС

ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚИАС

 

اعلم اسول الطم فى القياس ولاتحلم لكل الناس.(آحمدابن مجيد)

 

Ағлым асыл ал-ғылым фи ал-Қиас. Уа ла тағлами ли кулли ал-нас.

 

(Ахмад Ибн Мажид)


 

51

 

Әл-Фарабидың философиялық еңбектерінің ішіндегі ең сенімді кілті қиас (سايق) түсінігі. Оны біздің аудармашылар – силлиогизм, ұқсастық деп аударған. Арабша жалпы мағынасы оның өлшеу, салыстыру, өлшеуіш – симметрия мағынасында. Басқаша айтқанда ол ғылымның негізгі жолы деген сөзге келеді. Осымен байланысты сөз басында Ахмад Мажидұлының бір ауыз өлеңін келтірдік. Ол өзі арабша әдемі шумақ. Қазақша мазмұны мынаған келеді:

 

“Ғылымның асылын тап Қиаспенен. Бірақ оны күтпе сен көрінгеннен”.

 

Ахмад - араб елінің атақты теңізші, саяхатшы ғалымы. Өзі ақын, ірі талантты адам болған. Ол Португалияның атақты теңізшісі Васко да Гаманы Индияға бастап алып барған. Еуропа еліне оның «Теңізшілік» еңбегі (екі том) үлгі болып саналған (ХV-ғасыр).

 

Әл-Фараби еңбектеріне келейік.

 

Екі затты, ұқсастығы арқылы салыстыру әдісін де бірінің шындығы екіншімен салыстыру арқылы ашылатын болса, ол ұқсастық пікір аталады. Мысалы: «қаланған қабырға қолдан жасалғаны немесе жасалған себебі белгілі болса. Аспан да сол секілді деп жоримыз, өйткені ол да денелі зат жарым – жасым.

 

Бұдан қабырғаның жасаушысы бар, аспанның жаратушысы бар деген пікір туады. Оның аты дәлді бақылаудан шындыққа келу жолы.» (Аль-Фараби. Логические трактаты, 1975, 299-300 стр.)

 

Әл-Фарабидың бір ғана осы мысалында терең мағлұмат жа-тыр.

 

Осы салыстыру Құранда бар (61 және 67 сүрелерде): Қатар = ناينب =113 – бунйан (61, 4 аят)

 

Дуардай113=ا = اقابلح – табақа (67, 3 аят).

 

Ұлығ есімдерден құрастырылған Абай санын осыған салыстырып қаралық: 113х6=678.

 

Оған айтылған хақ санын қосқанда Бас бата саны шығады: 678+108=786. Ойлап қарарсыз.

   

52

 

Бұл арада әл-Фарабидың мантық (логика) негізіне кіргізген зор жаңалығын айту керек.

 

Әл-Фарабидың қиас мантқ жаңалығы логикаға кіргізген жаңалығын зерттеген шет ел ғалымдары импликация деп атауда. Оның мағынасы құрылыстық ішкі байланысы бар логика деген сөз. Әл-Фараби бойынша ол қиас өлшемді салиқатты, ұжданды, батыл негіздік болмысты мантқ. Адамның жан-сезіміндегі құрылыстық негіздегі заты мантқ. Бұл да, ғаламның заттық негізі Құранда мықты айтылған. Мысалы, Америка ғалымы Ни-� колас Решер 1963 жылы жарияланған еңбегінде соған жол аша-ды. Сонан кейінгілер ол мәселені онан әрі жалғастырды.

 

Николас Решер Американың Пенсильван университетінің профессоры. Ол кісі әл-Фарабидың негізгі еңбектеріне түсіндірме сөздік жазған. Оны мен пайдаландым. Сол университеттің про-

фессоры Х.Карри «Математикалық  логиканың  негіздеуі»атты үлкен монография жазды. Ол кітап 1961 жылы орысша аударылды. Москвада «Мир» баспасынан шықты. Ол кісінің еңбегінде логиканың тек ойжота саласында жалаң сөздік тала-сы пайдасыз екені сыналған. Дәл осы пікір әл-Фараби еңбегінде бар. Ой-жота мен тек сөз талас-бақыс үшін қолданылған логика өте зиянды деген әл-Фараби. Ол кісінің мутакаллимдерді сы-науы осы жағынан. Абайдың да «Мутакаллим мантику бекер босқа сөздер» дегені соған келеді.

 

Сонымен біздің заманымызда мантқ ғылымының – логиканың шындыққа, дәлді ғылымға сүйенген негізгі, басқы– ұлығатты (лұғатты) негізін қайта жаңғыруда. Кешегі өткен атеистер билеген кезде логиканың сыңар езу, бақыстық зи-янды саласы зор етек алды. Сонымен байланысты әл-Фараби логикасының аудармасында, түсіндірмесінде көптеген кемші-ліктер бар. Оларды мұнан былай қайта қарау қажет.

 

Ежелден белгілі қағиданы еске алайық. Бір мәселені дәлелдеуге, бір пікірді хабарлауда бірнеше әдістер бар екені белгілі. Айтайық сөздік, ереже әдісі, тіл құрылыс әдісі, ақындық әдісі, шешендік әдісі, тарихи әдіс, санақтық әдіс тағы басқалары. Солардың ішінде ең мықты сенімді дәлелдісі геометриялық – һандиса әдісі, бейнесі салыстырма, құрылыстық өлшем – Қиас әдісі. Ахмад ибн Мажид өлеңі осы мағынада. Әл-Фараби қиасты

   

53

 

осы мағынада таныған, қолданған. Оның жоғарыда келтірген мысалы соны көрсетеді.

 

Ғылымдардың негізін салушы белгілі Ыдрыс пайғамбардың бір ныспысы - аты «Маслас» - «Үшкіл» екені осыған соғады. Өйткені ол үшкіл геометрияның атомы деп білген.

 

Сол Мысырлық геометрияны оқыған, сонда болып тағлым алған Пифагордың негізгі жолы осында. Сол жолға түскен Пла-тон өзінің Афинадағы ұйымын – медресесін – академиясын ашқанда, оның қақпасына жазған: «Геометрияны білмегендер мұнда кірмесін» - деп. Академ – ерте замандағы данышпан бол-са керек. Оның зиаратының айналасында ағаш өскен, бақша болған. План дәрістері сонда басталған.

 

Әл-Фараби Платонды (Аплатонды) құрметтеуі Аристотель-ден кем емес, бәлки жоғары. Арабтар әл-Фарабиды екінші Пла-тон атайды. Тегінде ислам елдері соны қолдайды деп білеміз. Біздің қазақ зиялылары «Ақылы Аплатондай» деп келеді (Ах-мет Байтұрсынов пен Мыржақып Дулатов арасындағы хаттан).

 

Платонның молекула теориясын еске алайық. Ыдрыс за-манынан бері геометрияның атомы үшкіл дедік. Оның негізін 6-11–суреттерден аңғарарсыз. Сол негіз бойынша Платон жазады: «Оттектің бір бөлшегіне ауа (жел) тектің екі бөлшегін қосса, ол болады тең сутектің бір бөлшегіне». Осы айтылған алғашқы үш тектің үшеуі де де үшкіл жақты. Сол үшкілдер саны болады: оттек – 4, жел тек – 8, сутек – 20. Платон бой-ынша шығады: 4+8х2=4+16=20. Ол өзі қазіргі су молекуласына ұқсас: Н2О.

 

Бұл арада Платон тектер тегінен шындыққа қадам басып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда, барлық ғылымға геометрия-ны арқау еткен әл-Фараби, әрине, Платонға жақын. Дүние жи-май, ғылымға берілу, шындық іздеу жағынан да осы жақындық байқалады. Адам қоғамының өмірі жайында да сол ұқсастық бір. Мысалы әл-Фарабидың «Қайырлы қала тұрғындары» жөніндегі еңбегінде Платонның мемлекет құрылысы жөніндегі пікірлері кездеседі. Платон мен Аристотель арасының қарым-қатынасы жайында әл-Фарабидың арнаулы еңбегі бар. Оны талдап оқып түсінген адамға бұл екі ғалым біріне-бірі ешбір қайшы – қарсы

   

54

 

емес. Олардың әрқайсысы шындықты өз жолдарымен іздеген және ол жолдар қайшы емес, бірін-бірі толықтырған.

 

Мысалы Платон тектердің геометриялық бейнесін сөз етсе, Аристотель сол тектердің адамға әсер ететін көрінісін сөз ете-ді. Мысалы ол оттек төрт үшкіл жақты деудің орнына ыстық қасиетті тек дейтін секілді. Екеуінің әдісін қиас тұрғысынан алғанда Платондікі құрылыстық қиас, Аристотельдікі сөздік қиас.

 

Әл-Фараби екеуін екі қолына ұстаған ғұлама деуге бола-ды. Сонымен қатар ол құрылыстық қиасқа басты орын береді, өйткені пікірдің шындығын дәлелдеуде құрылыстық қиас ең дәлді – сенімді жол. Сондықтан, жазады әл-Фараби: «геометрия – дәлді – дәлелді ғылым, ол табиғат тануда ғана емес, философтарға да қажет».

 

Әл-Фарабидың: «Философ болу үшін алдымен не білу керек» деген бас мақаласын біз бірінші рет қазақ тіліне ауда-рып, баспадан шығарғанбыз (1962, «Білім және еңбек», №1). Сонда мына пәндер аталады: 1) тіл ғылымы, 2) арифметика, 3) геометрия, 4) астрономия, 5) музыка.

 

Сол еңбегінде ол Платонды бірінші орынға қояды. (Әл-Фа-раби. Философиялық трактаттар. Алматы, 1970). Сонда оның ғылымдарды санаттарға бөлу, топтастыру еңбегі бар. Солар-дан да табиғат тану мен оның геометриялық негізі басым екені көрініп тұр.

 

Қазіргі ғылыми беталыспен алғанда табиғат дүниесін зерттеудің негізгі ғылыми әдісі геометрияда, ойлаудың сенімді ғылыми әдісі математикалық логикада. Бұл екеуінде де, әрине тілдің алатын орны ерекше. Онсыз ғылым жоқ. Демек сөздік логика өзінің ежелгі орнын, негізін сақтайды. Бірақ оның не-гізгі дәлелді өзегі құрылыстық қиаста болу керек. Ол болмаған жерде бос бақыс – ойжота танытар өзімшіл, сөзуарлар оны оңай олжаға айналдырады.

 

Оның дәлелі, атеистер Аристотель пікірлерін оңай олжаға айналдырды. Аристотельдің философияны табиғаттан кейін орналастырғанын олар басқаша жорып, жоққа шығарып, м - тафизиканы бір құбыжыққа айналдырды. Сонымен олар Аристотельдің сөздік логикасын өздерінің ойына оңай бейімдеп

   

55

 

алды.

 

Платонды олардың оңай бейімдеп алуға күштері жеткен жоқ. Оны идеалист деген бір құбыжық сөз арқылы үнін өшірмек болды. Ол сөздің өзі тегінде Аспан мен Жердің құрылыстық ұқсас мысалы деген мағынадан шыққан түсінік, ғылыми қиас түсінігі. Оны кейінгі тақырыпта қараймыз.

 

Ендігі Жердегі мақсат әл-Фарабиды Аристотельден ажыра-тып алу. Екінші оны мұсылман хакімі ретінде тану. Ол өзі ашық жазып отыр ғой. Ғылымның, философияның негізгі мақсаты ғаламның иесін жаратқан, жарылқаған жалғыз Раббыны тану деп (11 бет).

 

Осы айтылған жалпы түсініктерден кейін қорытынды мағлұматтарға көшеміз.

 
0
0
1884

Еще по теме

КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚИАС - Yvision.kz