КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ДƏРЕЖЕ-ƏУЛИЕ САНЫ
ДƏРЕЖЕ-ƏУЛИЕ САНЫ
Қазіргі машиналық есеп құрылысы бір санды негізге алып, соның дəреже санын нөл саны етіп алуда. Қандай сан болса да нөл дəрежеде болады бірлік. Сонымен машинаның есебіне барлық сандар бірлік пен нөл беріледі.
Негізгі сан ретінде екілік алынады. Яғни машина есебіндегі екілік жүйе дегені осы.
245
Мысалы: 20, 20+1, 20+1+0, 24=20+4=8=1000
Кейінгі зерттеулерге қарағанда есеп негізіне екілік (2) емес, əулиелік қатынас сан алатын болса, есептің дəлдігі көп артатыны мəлім болып отыр. Мысалы онда болу керек.
Мысалы= ,
Ол өзі түсінікті де. Əулие қатынас табиғи ықшамды үндестік болудан шыққан нəрсе.
Оның өрнегі ең ықшамды.
х2–х–1=0
Осымен байланысты əулие қатынас есебі дүние жүзілік ғылымда зор орын алуда. Мұндағы жаңсақ мəселе Еуропа елде-рі, соған еліктеген басқа көп елдер, осы айтылған əулие қатынас санды Фибоначчи саны деп жүргізуде. Расында италиялық ғалым Леонардо Пизанский (1180-1240) Боначчи, Алжирде араб медресесінде оқыған. Арабшаға еліктеп Ибн Боначчи ата-лып, сонан Фибоначчи ныспы алған. 1202 жəне 1228 жылдары «Абақ» кітабын жазған (Liber Abacdi).
Оның алғашқы еңбегі араб математикасын латын тіліне ау-дару болған. Əулие қатынас, Қоян есебі сонда жазылған. Оның барлық мағлұматы арабшадан, ислам ғылымдарынан алынғаны айқын оны барлық халық біледі, оны Фибоначчи өзі де ашық айтқан.
Бірақ кейінгі кезде исламды жауып тастап, өздерінен ба-стау бірсыпыра еуропалықтарға əдетке айналған. Сол бойынша айтылған əулие санын олар Фибоначчи саны деп жүргізуде.
Бұл мəселенің, Абақтан бастап, арабтар арқылы бізден тарағаны айқын. Оны толық дəлелдеуге болады. Ол жағын қоя тұрғанда Фибоначчидің тікелей пайдаланған еңбектерінің бірі əл-Фарабиден алынған.
Əл-Фараби өзінің математикалық еңбектерінде əулие қатынасына зор мəн беріп зерттеген, дамытқан жəне кең түрде қолданған. Алдымен əулие қатынас есебін өзіндік сан деп таныған сол əл-Фараби. Соған байланысты онан кейін оны геометриялық есептерде көп қолданған, астрономиялық, архитектуралық, музыкалық зерттеулерде қолданған. Орта Азияның архитектуралық құрылыстарында əл-Фарабидің əулиелік сан үлгісі кең орын алғаны дəлелденіп отыр. Осы-лармен байланысты айтылған санды əл-Фараби саны деп айту анық.
Сонымен, «Абақ» мəселесін бүгінгі ғылымда жоғары дəрежеге, шындық жолымен дамыту зор мəселе.
Осы айтылғандармен байланысты біз геомеханикада бір есеп кестесін жазған едік. Соның негізін келтіреміз.
Айтылған өлшеуіш өрнек бойынша µ=cos2θ деп алсақ. Оның əртүрлі өзгерістері мен заттың кернеу қасиеті өзгеретіні белгілі. Сол бойынша үш түрлі толқын өрнегін алдық.
1) sin2θ, tg2θ, .
Осы үш сызықты тік бұрышты төрткүлдің төрт бұрышынан берсек, оның ауданы тегіс қамтылады. Төрткүлдің ұзыны ені 1. Айтылған үш өрнектің басқа үш бұрыштағы түрлері:
2) cos2θ, 1-tg2θ, ,
3) sin2θ, , 1– ctg2θ,
4) cos2θ, ctg2θ.
Осы сызықтың ортасында үш сызықтың түйіскен жерінен шаршы пайда болады. Сол орталық шаршының бұрыштары айтылған əулие саны болып табылады.
247
Яғни ұзын бойында 38010’, 51050’, көлденең бағытта 0,382,
0,618.
Олардан шығады:
0,382+0,618= , 38010’+51050’=900 .
Мұнда sin38010’= cos51050’=0,618
Ол суретті төрт бұрышты бір ноқатқа жинасақ, онан əдемі гүлді өрнек шығады (6-сурет).
Бұлардың терең талдауы келешектің ісі болар деген үміт бар. Біздің əзірше іс жүзінде қолдану əдісіміз мынау.
Ортадағы шаршы қабат заттың бір түрден екіншіге айналудағы аралық, аралас аймағы. Онан төмендегі бөлім заттың қысылу ауданы онан жоғарғысы оның ұзару-созылу ауданы.
Мысалы cos2θ=cos2 болғанда, астында
cos2(45+5/2), үстінде cos2 (45-5/2).
Соған байланысты басқалары да өзгермек.
Орталық əулие шаршының жақтау сызығын орта мөлшер мен бүтін сан түрінде 236 деп аламыз, оны Күн фаиакун =бол деді болды «(ﻛﻦ ﻓﻴﻜﻮﻥ=236)» деп түсінуге болады. Оған сəйкес, оңды солды теңселіс бұрышы болады 13032' онан шығады: 700-
32'=570+13032'.
Мұнда 70032’ текшенің (Қағбаның)-темірдің-хадидтың, жердің орталық бұрышы, яғни: 70032’+109028’=900.
57=19×3, ал-хадид. Ол болады: .
Яғни темір (хадид) атомның бөлшек жəне бүтін сандары қатысы:
А=55,847
Темір санатын шаршының жақтау сызығына қосамыз:
Онан шығады 262х3=786 бас бата саны.
250
Осы санға жиырма [20] санын қосамыз:
Қандай əдемі мағыналы сандар, 222-инсаф ғадалат төңіректің төрт бұрышы Күн сəулесімен жайылған (91-Ал-Шамси=Күн). Нағыз ғалами мақам (7- сурет).
Тағы бір сан соған байланысты, яғни алтыны – сат санын [6] қосамыз:
888+460=1348=1000+348=618+382+348
Ал-рахман ал-рахим, Құран, Нұр Мұхаммед немесе
626+460=1086
(Жақсылық келтіруші) (кафаил–хасанаты) Марих (Арайсаны)
661=ﻛﺎﻓﻰ ﺍﻟﺤﺴﻨﺎﺕ
Тəңірдің бұйрығы-фарыздар орындалуы да екі дүниеде бір-дей жақсылық.
Аллаһға шүкір. Шындығын білуші Аллаһ.
Ойлау керек. 22/IV-1995
Тағы бір өрнек:
661+382×2+5995=661+764+5995=6420=1070×6=214×30
5995 АБЖД саны, 1070-Маслас, 214-Жауһар. 30 Отырарда отыз бап, яғни 30х12=360.
Ғалами есеп арқылы (АБЖД), Құран Кəрім арқылы Тəңірім екі дүниеге жақсылық жарылқап Нұрын шашты, пəк Жауһарын таратты. Сол ұлы бақытқа апаратын ең тура жол Құран жолы деген мағына туады. Дін де, ғылым да сонда.
Аллаһқа шүкір.
əл-Машани 22/IV-1995. [ﺟﻤﻌﻪ]-жұма
