КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЗЫНАМ . . .»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЗЫНАМ . . .»
(Алғы сөз арнасы)
Ақжан Машани хазыреттің 2005-2009 жылдарда шыққан көп томдық фарабитануға бағышталған еңбектерінің он кітабынан оқушысының анық аңғарғаны- ғалымды басқаға түбірімен ұқсатпайтын - мен мұндалап тұратын жазу ерекшелігі: Ол қандай да болмасын талдауға таңдалған тақырыбын зер-делеу барысында зат есімді арқалайтын атаулықтың маңызы мен мәнінің сан-мен тереңдетілетіндігі. Мұндайда автордың қол артары АБЖД есебі.
Ғалым еңбегінің «Жаңа дәуір» топтама тақырыбымен оқушы на-зарына ұсынылып отырған 11-томға енген шығармаларында автор баба ғылымының танымдық кұдыретін ғылыми ислами негізімен әдіптеп, ұлттық дүниетаныммен сабақтастыра баяндау бағытынан тайдырмайтын таңдаған амалының қазанаты АБЖД- тың тізгінін әсте босаңсытпағанын бұл жолы да аңғару қиын емес.
Кейде оқушы шыққан он кітапты зерделей жүре әбжаттік сан өрнегін жүгірте оқып, атауы жағынан бір-бірінен алыс тұрған есімдердің сандық мәндерін сабақтастыра байыздаудан жинаған мағлұматтары бұл қалай деп тосырқатпайды. Оларды қарастырғанда ұлы баба қолданған «қиастық» заңдылықтар жүйелік әсер береді. Сөйтіп оқушы А.Машанидың ғалами қағидалық түйінін түгелдей түйсігінде түйіп ала алмаса да, авторлық баян-даулар әсте жерітпейді. Бұл, әрбір адам табиғатымен қоса жаратылатын біл-сем-ау дегізетін танымдық тамырымен нәрленген түйінге әдепкіде ол солай, басқа болуы мүмкін емес дегізетін түсінік сол болмыстық заттың сандық мәні ашылғанда мүлдем басқадай кұпия көзін ашқандай әсер беретіндігінен дер едім. Мұндайда оқушы ең алдымен өз білімінің жетіспейтіндігін сезінеді де оған жауап іздеуге бел буады. Осындай білсем-ау жетегінде жегіле жүріп, А.Машанидің танымдық тайқазанын айналшықтап шыға алмайсың, оның сырын ұғуға деген құмарлығының енді үрдіске айналатындығын аңғармай да қаласың. Рухани ұстазым А.Машани шығармаларының өзіне магнитше тар-татын осындай құдыретін оқушы да аңғарған болар.
Мысалға «Жаңа дәуірдің» кіріспесіне көз түскенде- ақ: «Тәңір жаратқан ғаламнан бастап, ән мен күйдің мақамына дейін тараған «Егіз-сегіз» қағидасына» арналған 8-дің ғылыми ислами негізін білуге деген құштарлық оқушысын бірден жетелей жөнелері даусыз.
Қазақ үшін 8 санының қандай қасиет арқалайтындығы қашаннан мәлім жәйт емес пе?! Өнері мен біліктілігі азаматтық іс-әрекетімен сабақтаса жата-тын тұлғаның адамгершілігін даралауда оның сегіз қырлылығын баса айтып, сүйсініп жататынымыз бекер емес. Өнерінің арқасында Сегіз сері атанып, аңызға айналған бабаларымен қаймана қазақтың әр кез мақтанары осыдан.
Халқымыздың «Егіздің аяғы сегіз» немесе «Семіз- семіздің аяғы сегіз» делінетін қанатты сөздері 8 санының ерекше қасиетінен туындағаны күмәнсіз. Кешегі балалар бақшасында тәрбиеленген балдырғанның Ертөстік мінген жи-
5
рен айғырдың аяғы неге 8 деген сұрақ түйінін бірден таба алмауы ғажап емес. Себебі ұзақ жылдар бойы батыс мәдениетіне бас идірген идеологиядан кәзір де арыла қойған жоқпыз ғой. Демек бала түсінігін қалыптастыруда алғашқы ұстаз делінетін бүгінгі ата- ана санатындағы жастар халқымыздың «Күн бел-гісінде- сегіз аяқты айғыр, сегіз сәулелі жұлдыз» кейпінде бейнелегендігінен хабардар деп сендіре қою екіталай.
Ол түгіл ойын-тойларда Абайдың «Сегіз аяғына» қосылып та, жеке орындап та, елжірей тамсана жүріп, бұл ән неге сегіз аяқ аталды деген сауалға жауап таптық дей алмас едік. Бұл сұрақтың мағына-мәнінің түсінігі ұлы бабамыздың «38 сөзінде» айтылғанын кәзірдің өзінде біреу біледі, біреу білмейді.
Абай дананың «38 сөзін» бүгінгі жоғары дәрежелі қазақтың діни білім-ділері, теолог- ғалымдарының Құран Кәрімді тәпсірлеуде әлі ала алмай келе жатқан биігі десек қателесе қоймаспыз. Абай сол «38 сөзінде» алдымен Алла тағаланың 8 сипатына ерекше тоқталады емес пе?
«Растың бір аты- хақ, Хақтың бір аты- Алла. Бұған қарсы қаруласқанша, мұны ұғып ғадаләтпен тәптіштеу керек» деудің негізі «Алланың өзінің де, сөзі - Құранын да растығын» қадай айтып, Тәңір жолындағы дұрыс іс пен бұрыс әрекеттерді сөз патшасы поэзиямен берілген 25 шумақты «Сегіз аяқ» тәпсірден тануға тиістіміз. Себебі Абайдың «38 - де» имандылықты ұмытпағандардың алдынан ашылатын пейіш есігінің 8 болады деуі осы санның киелі қасиетін арқалайтындығынан болса керек.
Дана Абай күнбе-күн, жылма- жыл қайталанып жататын: қыс- жаз, күн- түн, тақ - жұп, жақсы - жаман тәрізді тетелес қарама- қарсы егіздей құбылыстарды 8 батырға теңеуі тегін емес. Ал әрбір шумағы 8 жолмен түйінделіп отыратын «Сегіз аяқ» жырына ән шығарылуы біріншіден өлең құрылысына 8 сипаттық екпін берудегі «Толғаулы тоқ+сан» қызыл тілдің өткірдің жүзімен, ісмер бізінің ізімен салынған өрнегі мүжіліп мұқалмас айшықты мәңгі сақтаудағы сол 8 ұйқаспен сабақтасуында екендігін аңғару қиын емес:
Малыңды жауға Басыңды сауға
Қор қылма, қорға, татулас. Өтірік, ұрлық Үкімет зорлық
Құрысын, көзің ашылмас. Ұятың, арың оянсын, Бұл сөзімді ойлансын.
Бізде өтпелі кезеңді желеу етіп, жердің үстіңгі байлығын да, астындағы кен қазынасын да ел ырысына айналдырудың орнына, алдымен өз қалтасының қамымен жүретін билік тізгінін ұстаушыларды бір ғасыр бұрын ар- ұят алдын-да жүгінуге шақырған «Сегіз аяқтың» бір ғана тармағының құдыреті осындай болса, сол 8- дің қасиетті көрінісі мынада болса керек. 8 октава өлшемімен жазылған Абайдың 8 аяқтары нақылиялық мазмұнымен тағат- ғибадаттық, көкейкесті істің динамикалық серпінімен, үндестік өзегімен басқалардың 8 жолдық өлеңдерінен шоқтығы биік озық тұр. Шәкәрім сөзімен айтсақ:
6
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек, Бұған ұйқас өлең, саз керек . . .
Өлең тап ойланып Буыны 8, алтауы егіз, Ұшан теңіз екеуі».
Кім дәл басты кілтін ашты Жақсы ұйқасы нешеуі . . .
Бір бұл емес, басқа кітаптарында да 6 мен 8- дің Ақжан хазіретті тербен-тер ғибраттық тың ой тудыратыны тегін емес. Демек Абай дананың ғалами заңдылықты өлең жолдарына қолдануы да кездейсоқтық деуге болмайды.
Шынында да «Сегіз аяқтың» алғашқы екі қысқа жолдың егіз ұйқасының буындары 6- дан. Одан кейінгі сыңар ұйқас ұзын жолдікі- 8. Бұдан кейін келе-тін екінші егіз жолдың буындары- 5. Бұдан соң барып 8 буынды ұзын жолдың сыңары келеді де шумақ 8 буынды егіз ұйқас ұзын 8 аяқтық жолмен бітіп отырады.
Он сегіз мың ғаламның Иесі Тәңірдің 8-дің ғалами заңын бекер деп ешкім де айта алмайды. Осы заңдылықтың бір көрінісін химиялық элементтердің периодтық кестесінен аңғару қиын емес. Барлық элемент-тер 8 топқа жіктеледі, барлық элементтердің қасиеті атом ядросын айналып жүретін электрон сандарының сыртқы қабатындағы санымен сабақтас. Яғни олардың валенттілігін анықтайтын электрондардың барлық сатысы 8- кейінгі басталатындығында, тіптен сол кесте торының тігі мен көлденең көздерінің 8 тормен шектелетіндігі сегіздік заңдылықтың көрінісіне мысал. Ал 8-дің негізі 2 болса, мұның текшелік мәні 23 = 2*2*2 = 8. Ғаламның осынау текшелік болмысының бір мысалы- Қаһба.
Демек, әлемге аты мәшһүр екінші ұстаз әл-Фарабидің сонау орта ғасырдың бас кезеңінде-ақ ғылымның даму бағытын бағамдаған жаратылыстың 8- дік қағидасының танымдығын әрбір зерттеуінде жаңа қырынан танытып от-ыратын А.Машани, құдай сөзінің әрбір сүрелері мен аяттарындағы ғылыми шындықпен оқушысын бей-жәй қалдыра алмайтындығымен дараланады.
Осы ретте «Алғы сөзімізде» зерттеудің мән- мағынасын ашатын кітап аты хақында бірер сөз арнағым бар.
Біріншіден, «Жаңа дәуірдің» соңғы нүктесі 1996 жылдың 7 қаңтарында қойылған екен. Бұл ғалымның фәни дүниедегі тіршілігіне Жаратушы мөлшерлеген 1 жыл 4 ай мезгілді білдіреді.
Әз - аға әдетінше: «Мынаны қарап көрші, машинкаға бастырарсың» де-ген тілегін айтып, сұрғылт қатты мұқабасын қампитқан қолжазбасын маған ұсынды.
Қолжазбаның үстіңгі бетінде әдеттегідей мазмұны мен суреттер тізімі және қатты қағазға әрбір нүктесінде танымдық белгілері мұқият көрсетіліп қара сиямен жазылған 41 суреті салынған конверттен соң титулдық бетіндегі жазылып өшірілген кітап атының тізбегі бірден назарға ілінеді.
Кітабының оқушы назарына бірден ілінердей идеясын арқалайтындай тақырып табу әрбір қаламгердің қиналатындығын айтып жатудың қажеті болмас. Осындай қиындықтан әз- аға да айналып өтпеген тәрізді. Сол
7
беттегі «Ислам шұғыласы» делінген сөздің қарындашпен сызылып, одан төменірек сол қарындаш ізінің «Үш арыс және егіз- сегіз» деп жазылуы осы тақырыптардың бірден туындамағандығын меңзегендей. Осыдан соң туындаған үшінші және төртінші атауларда одан төменірек «Ақырзаман пайғамбарынан мағлұмат», «Ұлағаттан мағлұмат» болып қағазға түсіпті,
бірақ кейін сызылып тасталған. Бұдан кейін қағазға түскен «Жаңа дәуір» жазуының жинақтылығы - әз ағаның 7- 8 жылдай бұрын дені сау кезіндегі жазуындай біркелкі әріптермен тізіле қалуы таңдантпай қалмады. Кітаптың «Жаңа дәуір» атауы, сірә сәтті нұсқасы болса керек, ғалымның кеміген қайратын қайта туылғандай әл бергендігі көзге бірден ұрып тұр. Табылған тақырыптың астын ала жүргізілген қос сызық және қызыл қарындаш ізі әз-ағаның сол кездегі көңіл күйі мені де қуантты.
Дәуір сөзінің уақыт ұзақтығымен мөлшерленетін заманауи кезеңнің көлемді кесегін елестетер өлшемінің бір түрі емес пе?! Ғылым тарихында Метон дәуірі деп аталатын сондай кезеңнің төрт сатысы айтылады: Бірінші 432 санымен өрнектелетін Алтын дәуір, мұнан кейін екі еселі мерзіммен тұспалданар Күміс дәуірі, бұдан соң- 432*3 Мыс дәуірі, ең соңғы төртінші дәуір біздің заманымызды қамтитын- 432*4 темір дәуірі. Енді жаңа дәуір си-патын автордың өзінен естілік:
«Адам баласының Жер бетіндегі әрекеті алдымен осы металдарды қолдануымен байланысты шыққан. Алғашқы екі металды қолдану әділетті дәуірлер болып саналады. Кейінгі екі металды қолдану ұрыс- қағыс соғысқа байланысты. Яғни мыс-қола және темір қолданылған дәуірлер адам баласына бақытсыздық әкелді деп санайды. Ал, сонан кейінгі- бесінші дәуірлік өрлеуге адам баласының санасы әлі жетпей келеді». Бұл қырып- жоятын атом қаруын жасауға соқтырды, Ғылымның шарықтап дамуы соғысты болдырмау шарала-рын туындатуы жаңа 5- дәуірдің нышанын аңғарта бастағандай. Бұл «Адам баласының жердегі ғұмыры аспан әлемімен тығыз байланысты екендігінің нышаны». Осы ретте Құранның шындық ғажаптарының ашыла бастауы, яғни қазіргі ғылымның дәлдік табыстарының Құран аяттарымен сәйкес, әрі дәл келетіндігі сол жаңа дәуірге барар бағытты аңғартса керек. Мұның дәлеліне хазырет: мынандай 807+273*2+646+161= 2160 киелі сандар қосындысымен яғни 432 бес еселеумен: (432*5)- 2160 тең болатындығын ишарат етеді. Мы-салы, әбжад есебімен анықталған 807- нің Отырар саны екендігі және Ақсақ Темірдің дүние салған Хижыра жылының да осымен мәндестігі; Ақсақ Те-мір есімінің Тамур 646- аяттағы үнемі болмыстың, қозғалыстың нышаны мағыналы мәндері тақылеттес 161- дің де арқалайтын сандық мәнінің жаңа дәуірге қатысы жөнінде оқушыны иландырар танымдық дәлелдер кітапта ай-тылады. Ал 7 көкке тән металдар (алтын, күміс, темір, мыс, қалайы, қорғасын) сандарының жиынтығы бас бата санын – (786) беруі кітап авторының жаңа дәуір қақындағы уәжіне логикалық желі етіп тартуы кітаптағы оқушыны ила-натындай тұстары деп білеміз.
Осы ретте қасиетті сандардың бірі, тіптен сегізден де қолданысы мейлінше жиі көрінетін 7 санының әлі де оқушыға беймәлім мағлұматтары кітапта кеңінен айтылады. Мұны біз оқушыға қалдырып, құмалақшылардың, тіптен қарттарымыздың сөздік қорынан әлі түсе қоймаған «Жерге түспес жеті әліп»,
8
не болмаса «Жетіскеннің жеті әлібі» тәрізді сөздер 7 мәнін жаңа ашқандай күйге түсері даусыз. Ақжан хазырет «Алты Алаш- Алашахан» мәтелінің 7-лік сипатындағы мәнін жаңадан ашқандай күй кешіретіндігі және бар. Бұл Алаштың алғашқы ханы- мемлекет басы Алашаханды қоршай отырған 6 Алашпен қасиетті 7- ні құрайтынымыз, Жаратушының пайғамбарымызға соған қайталаушы жетіні және Құранды бердік дегені (15- сүре 87 аят), басқаны айтпағанда ақ жүрек Алаш ұрпақтарының бойына нұр құяры анық. Осы тұста ғалым А. Машанидің: Құранның әрбір әрпінде ғажайып сыр бар деген хадиске сүйеніп, оны- шифр- код деп түйіндейді де алты қорған- алты алаш, яғни көмір тегі өмір тегінің (C=6), ортасындағы алашаханы 6+1=7=СН болып жалғаса беретін болмыстық айғақты көлденең тартады.
Расында да алты Алаш- Алашахан құрлымына анықтап қарасақ аспан ғаламынан да, күнделікті кездесіп жататын жаратылыстан да оны табуға бо-лар еді. Алты қырлы сутас- кварц (SiO2) оның құрамындағы кремний Si=14 қос 7 емес пе? Лағыл, зумруд, жаһут тәрізді асыл тастар- бәрі алты қырлы. Жауатын қар қырауы- қылау да 6 қырлы жұлдыз іспетті. Өсімдік дүниесінде гүлдердің тармақтары, оның ортасындағы сабағы – Алашахан. Араб тілінде 7- сабиғ (саны 132) жүрек қалабпен мәндес болу сыры да кітапта айтылады. Осы тақылеттес қос жетілік құбылысты Ақжан хазыреттің мына тебіренісімен түйіндеуге болар еді:
Жеті қат Көк жүректі тербеп Оятар ғылым қиасын. Ғаламның ғажап мирасын Қаһбадан табасың.
Осы тұста қазақ тілінде 1-7 ге дейін атау есебінде ғана – еу, ау жұрнақтарының (бір+еу... алты+ ау) еншіленуі: саты, ау, тор, бекет, ауыл мағынасында даралаудан болар деген автор болжамының логикалық мәніне келіскендей боласың. Әйтпесе 8-ді сегіз+ еу демейді ғой.
А.Машани шығармаларын зерделей жүріп, оның ғұламалығы ұлы баба мұрасын жан- жақты зерттеп, ғылыми қиасының сырына үңіле білгендігінен болар деген тұжырымға тоқталмас бұрын, егер рухани ұстазымның туысын-да бойына дарыған тіл байлығы болмаса дәл осынау биіктен көріне алар ма деген ой жиі бой көрсетіп қалады. Бәлкім, оқушының жетесіне жететіндей дәлелі сол тіл байлығы болмаса ауқымды ой орамы оқушы зердесіне жетпес еді- ау! Кітаптың «Ай- Қамар ғалами қар» тарауын оқығанда осындай әсерде болады екенсің!
Адам баласының қоршаған болмысты тануында Айдың ролі ерекше. Егер аспан мағынасында ол қалыптасқан дене болса, сол аспаннан жауатын Қар мен Қамар- Ай арасындағы байланыс «Қ» әрпінде сипатталатын сияқты. Қазақ екі қолдың білегін де «Қар» дейді емес пе? Екінші жағынан қол әл-ал мағынасында да айтылатындығын осы кітаптан білесің. Демек, ал+аш қолыңды – құшағыңды - қарыңды (қарнайды аш) дегенді білдіретін көрініс бұл. Яғни құшақ ашу – достасу - туыстық ілтипатын білдіру. Қазақтың екі қолын аспанға жәйіп тілек тілеуі де, бата беруі де 7 қат көк пен 12 мүшелдің
9
қалыптасуы- халқымыздың 60 жылдық мүшел есебімен сабақтастырар А.Машани толғанысы шын мәнінде танымдықты ғана емес, тіл мамандарына ой салатын соны мағлұматтар дер едік.
Египетті жаулап алған жолы Александр Македонскиге екі мүйізді тәж кигізіп, таққа отырғызылды. Кейін әлемді жаулаушының ....Зұлқарнайын атануы осыдан. Құранда аталатын басқа Зұлқарнайын да бар. Оның аты Ғабдолла (Абдолла)- ислам дінінің белгілі қайраткерін қанқұйлы Іскендір Зұлқарнайынмен шатастыруға болмайды.
Осы кітап қолжазбасын маған ұсынып отырып, Ақжан аға: «Әл-Фараби» романы шыққанына отыз жылдай болса да бірде бір оқушысының романдағы қарттардан естіген жұмбағы жөнінде ләм-мим демегеніне налығандай болғаны бар. Ол жұмбақ мынау:
Басы бар, аяғы жоқ бір керует, Табарсың ұшырассаң көп меруерт. Үстінде қос мұғалақ қара тас бар Жігітке таба алмаған бір шеруерт.
Енді Ақаңның отыз жылдай күткен жұмбақтың шешуі «Қаф» әріп сөзінің шынайы мәніне келейік.
Бұл қайық тәрізді басы жұмыр, аяғы орақша иілген Ай басын меңзейтіндігі ғылым басы - есен басы – ғалам басы Қамардың жаңа туы-сы. Оны білген адам ғаламның ғажайып асыл тас меруерт інжу- маржанын білетін мағынада айтқан бабаларымыздың терең ойлы, тамаша білімділігінің бір куәсі бұл. Яғни дана Абайдың «Білгенге маржан» дегені. Осы ретте «Қос Қар» - қос мүйізді көк қошқар атауының да Қамар, Қарнайын тақылетте «Қ» әрпінен басталуы кездейсоқтық емес.
Ақжан хазыреттен тағынатын танымдық тек мұнымен шектеліп қалмайды. Ол мынау:
Айдың мүшелдік тағы - орны - үйі Қоян, арабша Ал - Саратан (Шаян). Осы мүшелдің жұлдыздық ғылымдағы тарихи таңбасы «Қ» әрпімен арабша екі айқасқан түрінен тұрады. Орхон (Көк түрік) таңбасында да бұл екі ба-сты бағытты қос әріп: «Қ» таңбасымен белгіленген. Сол руналық дүниеде Қыпшақ (Қ) таңбасы да бар. Тегінде қыпшақ- құлшақ- Қар бір мағынада болуы ықтимал. Бұл ретте автор Өгізхан аңызында оның досы Қыпшақтың ағаш қуысынан табылуы, осындай түсініктің 6000 жыл бұрын Шумер елінің таңба иеленген Гильгамеш аңызымен үндестірілінетіндігі әрине тегін емес.
Осыдан келіп А.Машанидің Қыпшақ - Қазақ сөздерінің төркіні ортақ деген болжамы: басқы буындағы «Қып» - «Қ» әрпінің атауын алып (Қаф- қап-қыб), одан кейін шақ- сақ қосылып қазақ атасына айналады емес пе деген болжамы көңілге қонатындай.
«Қалай болған күнде қос әріп, Қос - Қар (Қошқар), Архор- Зұлқарнайын, кос орақ, қыш- қаш «Қос мұғаллақ қара тас»- бәрі, бәрі келіп осындай тоғысқа» соғады деген А.Машани түйініне түсінікпен қарайсың.
Осындай болжамын айта отырып, ғұлама «Қазақ тілі- Қазынам» деп ризалықпен тамсануы ғылыми, діни түсінік беруде олардың ашылатын
10
танымдық мәніне тәнті ой орамдарын өруге мүмкіндігі мол ана тіліне де-ген зор махаббатын ғалым тұжырымындағы Алаш басшыларының «Айқап» жорнал атауының қапыда қалдық қап деген түсінікте емес, оның шынайы астары ғалам басы, есеп басы Ай+Қафтың мағынасында делінуіне келіспеу қиын. Бұған 50- «Қаф» сүре санының «Садық»- (шыншыл) сөзінің сандық мағынасымен мәндестігі автор аргументінің басты негізі. Осы тұста «Абай-ды игермей тұрып әл-Фарабиға бармас едім. Мен бұл істі қолға алғанда үш тірегіме сендім, бірі- тілім, дінім және бүгінгі ғылым жетістігі деген ғалым Ақжан Машани сөзінің тағы бір дәмі «Жаңа дәуір» зерттеуін оқи отырып таңдай тұшыратындай күй кештіреді.
Бұның басты себебі ғалым А.Машанидің көптомдығына енген еңбектерінің танымдық өрісін кеңейтетін тақырыптың қайсысы болмасын қазақ халқының ауыз әдебиеті делінетін мәдени мұрасының бәріне ортақ ұлттық дүниетанымдық өзегінің ғылыми шындықпен өрілетіндігі дер едім.
Мысалы «Өгізхан» аңызында Сиыр - Сәуір - Үркердің мүшел есебіндегі орны тұспалданып, «Ертөстіктегі» 7 қат көктің сипаты дараланады, ал «Алып-тар» ертегісіндегі халық даналығы жылдың төрт мерзімін мезгейді емес пе? Сол тас құпиясын игерген Тас+шы - Тасша бала «Қырық өтірігіне» аспан ілі-мін негіз етіп жұлдыз өлшеу амалын сөз қылады. Бір қарағанда бірімен бірі жанаспайтын «Көрұғлы» жырында да осы тақырып көтеріліп жатады.
Осы ретте «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының аспан әлемінің қозғалысын сипаттау әр түрлі дәуірде шыққан осынау мәдени мұралар авто-рын аспан ғылымын терең меңгерген дананың қаламынан туындаған дүниеге балағың келеді.
Шынында да қазақтың мәдени мұраларының авторы біреу, ол ашық аспан астында ғана ұлттық болмысы қалыптасқан қазақ халқы. Халқымыздың аспан танымы- дүние танымы уақыт елегінен өтіп, ғылыми негізі тексеріл-ген- шындық шыңының шынарына айналғаны ақиқат. Осылайша атадан балаға жалғасып ғылыми шындыққа айналған ғалымның табысы ел санасына жету үшін оны өнерге айналдыру қажет болды. Міне, ұлттық санатымызды қалыптастырған көшпенділер құрған халық Акедемия ғимаратының асқақ та алып ұстындары осылайша бой көтерсе керек.
Осынау тамаша мол тарихи мирастарымыздың сандық санаттарға бөккен сырын ашудағы Ақжан Машани хазыреттің ұлт алдындағы өтелген ғұмырлық борышына риясыз рахметімізді айта отырып, ғалымның ұрпаққа бағыштаған мына аманат- ұстанымымен алғы сөзімізді аяқтамақпыз:
Кеше гөр қате басқан жерлерімді, Ортаға салдым жиған білгенімді. Іздегенім Тәңірдің ризалығы Сілет етпен ешкімге бұл терімді. Ойланар оқыған жан сөздерімді,
Бар ниетім шындықтан басқа ой жоқ Шақырам хақ жолына өздеріңді.
(Әл-Машани. 29 .12 .1994).
