Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ҚАЙТАЛАУШЫ ЖЕТІ (ҚОС ЖЕТІ)

ҚАЙТАЛАУШЫ ЖЕТІ (ҚОС ЖЕТІ)

 

Халқымыздың ұлдары мен қыздары (Бейбіт, Молдабек, Мар-жан, Фатима т.б.) теледидар арқылы исламның ғылыми негізде-рі жөнінен мағлұмат беруді сұрайды. Олар, әрине, халық тілегі-нен туған нәрселер екені белгілі. Соларға арнап жазғандарымды жинақтап, солардың ішінен бір тақырыпты сөз етпекпін.

 

Оның атын Қайталаушы жеті немесе қос жеті атадым. Оның себебі Құранда бірнеше рет кездесетін, жалпы араб тілінде өзіндік сөйлем үлгісі болған таңба түрі мынау:

 

Сабиғ (132-жеті), мин (90-ден)

 

Ал-Мисани қайталаушы (601+31=632)54=864 ىناثملا نم جبس х х16=108х8=432х2.

 

Мұндағы мисани (сани) деген сөздің түбірі, біріне-бірі жақын мағыналы, екі түрде. Бірі сунай= ىيانت- екі жақты, пар, жұп қосақтау мағынасында. Екіншісі: сани – ىنت -бүктеу, қайтару, қаттау мағынасында.

 

Былайша ойлағанда ал-мисани сөзін қайталаушы деп те не-месе қосақтаушы мағынада. Демек, Тәңірінің жаратқан табиғат дүниесі жұбайлық негізде болғандықтан, қайталаушы жеті де-ген сөзді жетілік қоспақ мағынасында да түсінуге болады деп білеміз. Осы тұрғысынан қарағанда жеті мен екінің арасында, басқаша айтқанда тақ пен жұптың арасында терең байланысты аңғартатын жай бар. Соған бірер мысал келтірейік.

 

Араб тілінде жеті (сабиғ= حبس=132) деген сөзбен жүрек (қалаб = بلق=132) деген сөздердің сандық мағынасы бірдей. Мұнда жүрек деген түсінік, оның тыныстық – қан тамырлық соғу қызметі екілік, ерсілі – қарсылы соғу. Оның өзі сайып кел-

   

209

 

генде магниттің екі басы сынды қасиетті сипаттайды. Екінші жағынан жетіні алатын болсақ, ол өзі алты қосқан бір болып табылады. Өйткені жазық бетке түзу алты үшкіл сызылады.

 

Ал жазықтықтың әр ноқатында сызған шеңбер

 

бұрышы 360о. Оған құрастырылатын үшкіл саны болады Алты: Ортадағы ноқатпен жеті. Демек жетіні біз 6+1=7 деп

 

аламыз да, оны қазақтың: “Алты Алаш – Алашахан” маталымен салыстырамыз. Бал ара ұясы, Қағба (текше) бәрі соған соғады (жоғарыда айтылды). Егерде айтылған алтыға екіліктің екі ба-сын бірдей қоссақ, ол болады сегіз, егіз-сегіз мәселесі шығады: 6+2=8. Енді осы екі түсінікті бірге байланыстыра қарау үшін бастапқы бес тек пен олардың бейнелерін ойға алайық. Оны былай жаздық: 2(7+26+62)=14+52+124=2х95=190. Мұнда от тек 14, төрт жақты бейне. Ол өзіне өзі қосақталып тұрақты– шаршыға ұқсас бейне құрайды. Басқалары егізден: сегіз жақ алты жақты текше пар; жиырма жақты мен он екі жақты пар. Зат мағынасында айтсақ: жел мен жер парлас, су мен жұлдыз парлас. Көктен жаудыр, жерден өндір. Ал от болса, ол екеуіне де қосылмайды.

 

Ғаламның құрылыстық, беріктік, көріктік бейнесі айтылған бес текке және жетіге байланысты олардың байланысы:

; Онан шығады: 3+7=10, және , онан шығады:

 

; .

 

Ойлап қарасаңыз жоғарыда айтылған жеті мен екі сандары терең мағыналы. Сондықтан да Құранда айтылған ғой: Жыл ішінде он екі ай мен жеті хат көкті Тәңірім әуел баста белгілеген дейді.

 

Сонымен қатар жеті хат көк және Жер жаратқан Иесіне тас-бых айтады деген.

 

Сондықтан да пайғамбарымызға саған қайталаушы жетіні және ұлы Құранды бердік деген (15-сүре, 87 аят). Осы аятты

   

210

 

ойлап қарасаңыз исламға ғылым фарыз болғаны түсінікті. Оның аты Адамға жеті хат көк арқылы жүрегіне сезім берді және сол ғажайып ғаламның сырын өзінің ішіне алған ұлы кітап берді.

 

Ғылымнан бірер мысал келтіреміз.

 

Жүрегіңді соқтырып тұрған қызыл қанның негізгі бейнесі гемоглобинды алайық. Оның құрылысы: ортасындағы өзегі те-мір ал-хадид. Оған арналған Құрандағы 57-сүрені еске алыңыз.

 

Хадид= ديدح - темір сөзінің сандық мәні 8+4+10+4=26. Бұл жиырма алты темір атомының электрон саны, сол бойынша темірдің санаттық мәні екені белгілі. Бұл түсінік Құранда осы-дан он төрт ғасыр бұрын айтылған. Қазіргі ғылым оны тек біздің заманымызда тауып отыр.

 

Осы жерде айта кетелік темір барлық ауыр металдардың, оның ішінде жеті хат көк металдарының ең тұрақтысы, берігі. Сондықтан ең көп тарағаны. Жеті хат Көкте, Жерде ол зор орын алады. Ол ғана емес, барлық дүние әлемінде, барлық жұлдыздарда солай. Сөнген жұлдыздардың шатыры темірден. Осыларға байланысты біздің бабаларымыздың дүние кіндігін

 

Темір Қазық атауы ғажап.

Айтылған қанға оралайық. Онда темір өзектің төрт жағын қоршаған азот, яғни жетінші зат: (N=7). Онан шығады 7х4=28 (темір тек мүшесі). Ойда болсын ол өзі жетімен байланы-сты еді ғой. Яғни оны былай жазамыз: 7х2+12=14+12=26. Яғни қос жеті қосқан мүшел. Ойда болсын. Құранды құраушы арабша сөзді құраушы әріп саны 28=7х4 оның он төрті айлық әріп (қамари), он төрті Күндік әріп (шамси). Құранның әрбір әрпінде ғажайып сыр бар деген хадис бар. Ойлап қараңыз. Ол бір тамаша сырлы белгі – шифр – код деп білерсіз. Оның сыр-тында айтылған алты қорған, алты алаш – яғни көміртек өмір тек (С=6). Онан әрі қарай оның алашаханы: 6+1=7=СН... Сонан әрі қарай жалғасы береді...

 

Осымен байланысты жасыл жапырақ құрамын еске алайық. Хлорофилдің өзері, қандағы темір орнында магний (Мg= =12). Ол екеуі болады: 26+12=38=19х2. Бас бата тура жол саны. Басқасы, оның азоттық – жетілік қабаты – бәрі бірдей. Егістіктің тыңайтқыш басты заты азот (N=7) екені белгілі...

 

Ойда  болсын,  біздердің  дем  алатын  ауамыздың  басым

   

211

 

көпшілігі азот (75-78%) ол неге? Себебі ол өзімен өзі қосақталған берік зат дедік. Басқалары (жел, жер, су, жұлдыз) қосылысып араласады. От оған қосылмайды дедік (өрнекті қараңыз). Демек, бұл арада ауаны өрттен сақтап, тынысты, өмірді ұстап тұрған осы жетілік қосақ 7х2=14.

 

Ойда болсын, барлық химиялық заттар жеті топқа бөлінген.

 

(1-2), (3-10), (11-18), (19-36), (37-54), (54-86), (87-92)...

 

Исламда жетіліктің мағынасын аңғарту үшін ғұрып болған заттар бар. Мысалы алғашқы Қағба жеріне нәрестесімен жалғыз келген анасы (һажар Ана) іздеп Сафа мен Маруа таулары ара-сына жеті рет жүгірген. Сол өзі қазір хажыларға мирас болды. Ойлап қараңыз. Мұнда да айтылған жеті мен екі (екі тау).

 

Біздің Ахмад Иассауи ғымратындағы тай қазан жеті ме-талдан құйылған. Ол металдар жеті хат көк металдары... Енді айтылған қайталаушы жеті санының кейбір тамаша өрнегіне келеміз.

 

Алдымен Алты Алаш – Алашахан өрнегі аспан ғаламынан орын алатын зор құрылыстарға орын алатын зор күрделі заң екенін көрдік. Осы екі ортада, адамның күнделікті өмірінде кез-десетін заттардың да сол бейнеде көп болатынын айталық. Асыл тас кристалдар да алты қырлы, шошақ төбелі түрлер көп кезде-седі. Мысалы ең көп тараған ақтас – ақық тасты – кварц тасты алайық: SiO2=(7+8)2=14+16=30. Дәл сол айтқан бейне. Оның құрамында қос жетілік силиций – кремни бар Si=14. Лағыл, зум-руд, яқут сияқты тамаша асыл тастар - бәрі алты қырлы келеді.

 

Ауадан жауатын – қарды алайық.

 

Тамаша көрікті алты қырлы жұлдыз – қар қырау – құс қанаты. Оның көптеген ғажайып өрнегі адамды таңдандырады. Ол мұз болып қатқанда, су болып ерігенде көптеген өрнектер шығады. Айта кетелік су молекуласында оттегі мен сутектерінің өзара орналасу түрінде төрт жақты бейнесінде текшенің (Қағбаның) орталық бұрышы бар:

       

Ойлап қараңыз! Алты.

   

212

 

Алты қырлы бал ара ұясы мен Қағбаның – текшенің аралық қатынасы қар мен судың аралық қатынасынада. Бұл арада тірші-лік көзі су мен қолдан жасалған Тәңірінің сілтеуімен салынған құрылыстардың тамаша қабысуы қалай!

Өсімдік дүниесінде толып жатқан мысалдар бар. Соның ішінде гүлдерді алып қаралық. Ортасында сабағы бейне Ала-шахан, оның тармақтылары өте көп...

 

Жетінің өмір гүлі солар. Енді жетінің тамаша ишарат қатыстарына келеміз.

 

Біз жоғарыда Абай санын қараумен байланысты текшенің орталық бұрышын көрдік: . Мұнда – 132

 

– жеті (сабиғ) немесе жүрек (қалаб). Астындағы сан ғылым саны. АБЖД есеп сөзінде ол Каламан – نملك = 20+30+40+50=140. Ол Қалам сөз.... ғылым сөзі. Екінші жағынан оның өзі қос жетілік сан: 20+50=30+40=70; яғни 7х20=70х2=140. Басқаша айтқанда айтылған Абай бұрышы жетіліктің екі көрінісінен пайда болған. Оны былай жобалайық:

 

Жеті хат көк жүректі тербеп Оятар ғылым қиасын. Ғаламның ғажап мирасын Қағбадан табасың.

 

Қайталаушы жеті сандарының өзара байланысты екі түрін қарайық. Оның бірі مح =хм=48. Бұл өзі Құранда жеті рет жеті сүреге мұқаттағат ретінде келген (40-46) сүрелерде. Онан шығады: 48х7=336. Ол Ыдрыс жұлдызына сандас Ал-Һарміс=336. Ол өзі тегінде қайталама әлем ишараты. Өйткені

 
 

–Айтылған жеті  .

Онан шығады: 62-26=36.

шеңбер

 
 

Екінші жағынан айтылған сүрелердің санаттық мәні бола-ды: ; немесе: 40+46=43х2=86. Осы санды тағы жеті

 

еселейміз 86х7=602 – (19-сүренің бас жиын саны).

   

213

 

Енді осы екеуін және оның үстіне берілген ұлы Құран санын (әулие санды) қосамыз: 336+602+382=938+382=1320.

 

Айтылған жеті мен жүрек санының толық – кәміл түріне кел-дік. Мұны қалай ұғасыз! Бұл Құранның мұғжизасы деп білеміз. Осы санның торқалық тоғыз есесін алайық: 132х9=1188=108х х11 Ай+Қосай екеуі бірден шығады. (54х2х11=54х22).

 

Осыған байланысты тағы бір сан: 48х7+132х4=336+528=864=108х8=432х2. Күміс дәуір саны.

 

Темір дәуір саны болады: 864х2=1728. Осы санды бұрынғы: “Жеті қайталаушы және Ұлы Құран берілді” – деген аят саны-

на қосамыз: . Тамаша қатынас: .

 

Онан шығады: . Қайталаушы жеті деген аят санын

 

жеке алғанда болады: 432х2=108х8=864(632)+(90)+(132) + جبس ىناثملا + نم +. Жоғарыда келтірілген күміс дәуір саны. Яғни Айдың саны. Ол қайталаушы жетінің басы екені есте болсын. Осы сандарды еске алып мынадай бір өрнек жаздық:

 

х2-16х=2916-864.

 

Онан шығады:

 

х2-16х-2052=0,

 

х=; х=8±46 х1=54; х2 = –38 = –19х2

54 – Ал-Қамар, 19-төбедегі тура жол.

 

Қорытындыда, ойласу ретінде тағы бір өрнекке келеміз. Ол өзі арабша төрт - Арбағ=273=91х3 санымен байланысты. Оны мына түрде жазып қаралық: 91х3х4=91х12=1092. Осы санға жеті еселеп Ай мен Күн санын періштелер санына қосамыз: 91х54х7+1092=91(54х7+12=91(378+12) =91х390= =273х130= =35490. Өте өрнекті, күрделі, жұмбақты сан – Аспан арбасы

 

– Арбағ 273 бес темір текке еселенген: 130=26х5. Оның өзін Тұран Қақпа санына байланысты қарауға болады. Яғни: 80+50=

 

214

 

=130=26х5. Осы санды Жердің тоғыс (теңеліс) жаңа жылдық ғалами айналыс жылына салыстырып қаралық. Онан шығады:

. Алғашқы саннан шығарамыз:

 

4061–161=3900=19х300=130х30=26х150.    Темірдің     мүшелдік сан бұрышына, тас (15-сүре) санына еселенуі бір 150 = 180 5 . 6

Тамаша жұмбақ:  көрінбейтін жеті.

 

Ойлап қарағанда ғаламның бір жұмбағы бар секілді. Темірдің ғалами орынын еске алатын болсақ, айтылған сандар сол темір тек сандарына байланысты екенін ... мұнда бір сыр бар екенін сеземіз.

 

Екінші санға келетін болсақ, ол да сол секілді. Он беспен байланысты. Онда тұрған 217 сан Жердің, дәлдеңкіреп айтқанда Күннің ғалами жылының саны болып табылады, миллион жыл есебімен. Оның мағынасы біз он екі мүшел жұлдыздар, арғы қозғалмайтын аспан деп есептейміз. Біздің уақыт есебіміз тек бергі жеті хат Көк қозғалысы. Олардың орталығы Күн. Ол Күн айтылған жұлдыздардың біреуі. Олар да қозғалыста болады. Бірақ олар тым алыс болғандықтан олардың қозғалысы сізге сезілмейді. Жер тарихын зерттеген геология ғылымында оның басынан көп миллиондаған дәуірлер кешіргенін дәлелдеп отыр. Соған сүйеніп жасалған геохронология (тазына кестесі) бар. Сол бойынша ғалами жұлдызды аспанның айналысы сопақша – эллипс жолды болады екен. Оның айналыс шапшаңдығы мына түрде болса керек: геологиялық дәуірлер бойынша. Кембрий 70 миллион жыл, Ордовик – 56 миллион, Силур 35 миллион, Девон – 56 милл. Жиыны болады: 70+56+35+56=217 миллион жыл. Онан кейінгі дәуірлерде тағы осы рет қайталайды: Карбон

 

– 70, Перм – 56, триас – 35, Юра-56. Жиыны: 70+56+35+56=217.

 

Онан кейін: Мел-70, Палеоген – 56, Неоген –10, яғни біз үшінші ғалами жылдың ортасындамыз. Осы санға айтылған сандар дәл келуі тегін емес. Бұл әрі қарай зерттеуді керек етеді.

Аллаға шүкір. әл-Машани, 7/І-1996.

 
0
0
650

Еще по теме

КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ҚАЙТАЛАУШЫ ЖЕТІ (ҚОС ЖЕТІ) - Yvision.kz