КӨП ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ-ҚАЙТАЛАУШЫ ЖЕТІ ӘЛІФ
ҚАЙТАЛАУШЫ ЖЕТІ ӘЛІФ
Бұл атау біздің халқымыздың ғұрпынан, оның арғы тегі аспандық, Жеті Қарақшы мағынасында. Оның аспан сағатының тілі екені айтылды (1-сурет). Ол жеті Әліф – Алып – Тақ Темір Қазықты айналуда, батпайды. Сондықтан оны «Жерге түспес жеті әліф» дейді. «Қырық бір ноқат» – құмалақ салғанда тоғыз орынға түскен құмалақ санының дақ саны жетеу болса, оны құмалақшылар Жерге түспес жеті әліф атап, аспан есебімен байланыстырады. Ол өз алдына. Біз бұл арада аспанның айналысындағы қайталаушы жеті хат көкті айтамыз (11-суретті қараңыз).
Соған байланысты жеті нотаны айтамыз. Айтылған тоғыз орынды төр шаршыны да келтірдік, ғажап шаршы түрінде, әр бір бағытында үш сан жиыны тұрақты 15, яғни 2+9+4=15 тағы басқалары.
Мұндағы ең басты мәселе Әл-Фарабидың музыкадағы жеті нота қатынастары мен жеті зат көктің байланысын көрсету.
Айтылған тоғыз орынды шаршыда Жерге түспес жеті әліф
– жеті хат көк, соған сәйкес жеті нота белгілері көрсетілген (әріппен). Ол әріптердің сандық мәндері маңдай мен оң бүйірге орналасқан. Сонымен жеті ұяға екіден он төрт әріп қойылған. Олардың бәрі оң жақтағы кестеде жинақталған. Ол кестеде жеті хат көктің асылтас аттары берілген. (Көк аттары сол жақтағы жеті тармақ жұлдыз суретінде) және ноталар есебі берілген. Ол есептің жинақтары кестенің үстінде және астында көрсетілген. Ол есептердің тамаша қорытындылары бар. Жеті хат Көктің ортасында Күн екені белгілі. Ол төртінші орында. Қалғандары астында үшеу, үстінде үшеу, жиыны алтау (Алты алаш).
43
Күн нотасының жиыны: 4+9=13. Үстіңгі шаршыда ол маңдай. Бір тамашасы сол оның екі жағындағы сандар жиыны осы маңдай санға дәл еселес келеді: 11+15=26=13х2; 22+56=-78=13х6=33+45.
Демек Күн айналысында маңдай сан еселігі екі (2) және алты (6), яғни егіз-сегіз қағидасы: 2+6=8. Күн сегіз сәулелі белгімен алынған. Ол «сегіз аяқты жирен айғыр». Ертөстік аңызында. Сонымен ноталар жиыны: 15х13=195. Құранда 13-нажағай, 15-
Тас сүрелері.195 ىمميهك (Кһиғс=20+5+10+70+90=195). Бұл 19-сүренің мұқаттағаты. Сонымен қатар 50-сүре, (Қ=ق -сүре) жиы-ны: 50+100+45=195. Ол өзі ерекше мағыналы әріп белгі…
Осы санға бас бата санын қосамыз, болады:
Тұран қақпа саны.
Онан шығады: 2(195+114) =618; 618+382=1000 (әліф) не-месе 65+(50+80) =65+130=195.
Мұнда 65 – Асад (Арыстан бап).
80-сынап, 50-қалайы, 80+50=130 алам – пайғамбар сәлемі. Яғни айтылған қақпаның босаға, маңдайша бұрыштар металы, 2-80, 6-50. Сол егіз-сегіз. Жеті тармақ суреттен қараңыз. Олар бір сызық бойында жатыр. Тәулік аттары бойынша алсақ ол сәрсенбі (2 аспан – Айқыз), бейсенбі (6-аспан – Шоңай). Осы бойынша тәулік аттарының көктері: 1) Ай – дүйсенбі, 2) Айқыз– сәрсенбі, 3) Шолпан – Жұма, 4) Күн – жексенбі, 5) Арай – сей-сенбі, 6) Шоңай – бейсенбі, 7) Санжар –сенбі. Жеті тармақ су-ретте жеті көктің металдар саны берілген: 1 – Ай - Күміс=47, Айқыз – сынап – 80, 3 – Шолпан – мыс – 29, 4 – Күн – алтын
– 79, 5-Арай – темір –26, 6-Шоңай – Қалайы –50, 7-Санжар – қорғасын – 82.
Олардың жиыны ортасында 393. Оны екі еселесе бас бата саны шығады: 393х2=786 (11-суреттің үстін қараңыз).
11-суреттің сол жағында астында Күннің арғы және бергі жағындағы Көктердің ноталар санын топтадық: Ай+Айқыз+Шолпан: 45+50+15=116=29х4 негізі мыс (29). Бұл
44
адамның үстінде اهيلء =116 (74-сүре, 30 аят). 116х3=348 – шұғла.
Күннен арғылары: 11+22+33=11(1+2+3)=6х11=66. Осында келтірілген мәліметтердің қайсылары, әл-Фарабиден, қайсыларын біз жалғастырдық. Соған келейік.
Негізгі ірі бастаманын басы, әрине, әл-Фарабиден. Түсіну үшін айтылған тоғыз орынды шаршыны алайық. Оның негізгі сандық түрі:
|
4 |
9 |
2 |
|
3 |
5 |
7 |
|
8 |
1 |
6 |
Осында ортада тұрған бестік сан ежелден бес бұрыш бей-нелес жұлдыздық сан болып есептелген. Оның айналасындағы басқа сегіз сан екіден парланып, төрт шекті – тетра хорда ата-лып алынған. Нота есебіне ортадағы бестік санды алмаған, яғни Алаша ханды қоспаған. Ертедегі Пифагордан бастап ба-тыс елі нота есебін 3/2, 4/3, 9/8 түрлерінде және солардың ту-ынды сандардың түрлерінде алып келген. Музыкада бестік сан қолдануға, бес бұрыш сурет салуға тыйм салынған. Оны тек Абыздар ғана тұмар ретінде қолданған. Әл-Фараби ғұрыптың бәрін бұзып, бес бұрыш салуды таратқан (3-сурет), музыкаға бестік сан қатыстырған. Сонымен оның ноталық қатынастары былай болып шыққан: φ =1:1, و =9/8, =5/4, b =4/3, ا =3/2 ب =5/3, ح =15/8. Қазіргі нотада ол до =1:1, ре=9/8, ми=5/4, фа=4/3, соль=3/2, ля=5/3, си=15/8.
Әл-Фараби 5/4 – Шолпан нотасын негізге алды. Оның күні жұма… Таң Шолпаны - пайғамбар жұлдызы. Оның үйі – Мизан– Таразы – Хақ саны Қосай: 54х2=108.
Мұның бәрі батыс елдеріне ұнаған жоқ. Бірақ шындық жеңді. Басқа көп мәліметтерді біз жаңадан қостық. Ол жаңалықтың өзі екі түрлі. Біреулері әл-Фараби еңбегінде тікелей болмағанмен, ертеден келе жатқан мәліметтерді бейімдеп пайдалану. Ол ноталарды көктермен салыстырудағы асыл тастар секілді. Екіншілері шын жаңалық, мысалы сол көктердің металдарын
45
есептеу. Ол қазіргі ғылымнан алынған мәлімет.
Әл-Фараби домбырасы жөнінде. Ол кісі музыкалық аспаптармен көп шұғылданған. Солардың ішінде шекті аспап-тарды көп қолданған. Осы кісі төрт шекті ескі лютняға (ғұдқа) бір шек қосып, бес шекті жасаған. Соның бейнесін біз 12-сурет-те бердік. Ол кісінің қосқан бесінші шегі Ал-Хадд (хадд).
Мағжан ақынның:
Тұранның кім кеміткен музыкасын, Фараби тоғыз шекті домбырасын, –
деген осыған келеді. Өйткені бұрын төрт шекті – тетрахирда болғанда, оның қоспақ – қайталау түрі болған екі төрт – сегіз (октава)…
Соған әл-Фараби шегін қосқанда тоғыз шекті болады. Әл-Фараби домбырасында шектердің, олардың пернелерінің – бөлімдерінің аттарын келтірдік, нота белгілерін қойдық.
Сонымен қатар әл-Фараби нотасында қай шек, қай перне, қай саусаққа арналғаны да есте болсын.
Төменгі – дауыс бам, жоғары дауыс – зир – орта дауыс – усти. Ол ортан қолдікі (сабғ – усти).
Сабғ бинсир – атыжоқ (атжоқ) саусақ. Саббаба – сұққол. Мутлак – бос шек – тиек. Сонымен үшке бөлінген: 8/9, 3/4, 4/5. бам-бас-бірлік, маслас-үштік, масна – екілік.
Әл-Фарабидың асқан музыкант екені мәлім. Бұл арада біз тек оның музыкалық өнерінің жалпы ғалами-ғылыми тұрғыдан қарағандағы алатын орнын аңғарту үшін келтіріп отырмыз.
Әл-Фарабидағы жалпы табиғат ғылымдары мен өнердің мықтап бас қосқан жерінің бірі осы музыка. Сонымен байланы-сты толып жатқан мәселені қозғауға болады. Бұл мәселе руха-ни – діни мәселелерге жалғасады. Оның бәрінің қорытындысы ғалымдық ғана емес, хакімдік мәселеге соғады, философияға жалғасады. Сондықтан ол кісіні көп жерлерде тек музыкант-философ деп те кетеді. Бірақ бұларға дейінгі және бұлардың арасындағы оның мықты еңбектерін, тіректерін жақсы білу ке-рек.
Қысқа сөзбен айтқанда әл-Фарабиды мұсылман хакімі деп
тану керек. Ол мәселе ақырзаман пайғамбарының істеріне соғады.
