Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Ананың мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке пара-пар. Көп балалы ана болу оңай емес. Ауданымыздағы көп балалы аналардың хал-жағдайы қалай, қандай жағдайда бала тәрбиелеп отыр, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек қандай деген сұрақтарға бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат көп балалы аналармен өткізген кездесуінде жауап берді.

— Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазір көп балалы отбасын көрсек, таңдай қағып, таңқалатынымыз бар. Көпшіліктің көкейінде оның бәрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз, десе де оның оқуы, жоғары білім алуы мен қазақ үшін қасиетті үйлену тойын жасап, баспана әперу – әрбір қазақтың мұңы болғандықтан, көп балалы отбасына таңсықпен қарайтыны бар. Бала туу көрсеткіші мен адам саны бойынша өзге облыстардан оқ бойы озық оңтүстікте көп балалы аналар көп, — деді Әлиасқар Байдуллаұлы.

0
0
318

Еще по теме

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ - Yvision.kz