КӨП ҚАБАТТЫ ПӘТЕРЛЕРДЕГІ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЛАУ КОМИССИЯСЫ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ.
ПӘТЕРЛЕРДЕ ЖЫЛУ БІРҚАЛЫПТЫ ЕМЕС
"Nur Otan " партиясы аудандық филиалының жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы аудан орталығындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап шықты. Ондағы мақсат- тұрғындар баспаналары жылу жүйелерін тексеру.
Партиялық бақылау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, өздері аралап шыққан тұрғын үй пәтерлерінің барлығында дерлік бірдей қалыпты жылу температурасы сақталмаған. Комиссия мүшелері пәтер тұрғындарына қыс мезгілінде жылудан қағылып қалмас үшін пәтерлердің жылуға уақытылы төлеуді, тозығы жеткен құбырларын әсіресе жаз кезінде,яғни, жылу маусымына даярлық уақытында дер кезінде анықтап, ауыстыруға кеңес берді.