КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ
Балалардың құқықтық мәртебесін мойындауға адамзат ғасырлар бойы ұмтылып келеді. Қазіргі уақытта кез-келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті адамдарға қатысты баланың абсолютті, басым мәртебесінің декларативті мойындалғаны мен белгіленгенін адамзат жетістіктерінің бірі ретінде қабылдауға болады.
Бала еңбегін қанауға қарсы «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының қызметкерлері бас қосып, жиын өткізді.
Аудандағы кенттер мен ауылдық округтердегі базарлар мен сауда қатарларындағы, көлік және кілем жуу орындарындағы, қоғамдық тамақтану орындары мен кафелердегі кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің жұмыс істеуінің алдын алу, еңбектің ең ауыр, төзбеушілік түрлеріне жататындарына мүлдем тыйым салу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Партия мүшелерінің ұйымдастыруымен бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, балалардың тұрмыстық зорлық пен зомбылықтың құрбаны болудан, отбасы құндылықтары мен бала құқығы туралы, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналарға, жұмыс берушілерге түсіндірме және ақпараттық-насихат жұмыстары алдағы уақыттарда да өз жалғасын таба беретін болады.
