"КӨКТЕРЕК МЕЛКОМБИНАТТА" КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін «Көктерек Мелкомбинат» қожалығы алаңқайында аудандық мәслихат депуттатығына үміткер Асилбеков Нұрғиса Қалыбекұлы мен «Көктерек Мелкомбинаты» ЖШС директорының орынбасары Абдукаримова Динараның қатысуымен сауйлауалды үгіт-насихат кездесуі болып өтті. Д.Абдукаримова қожалықтың атқаратын жұмысы жөнінде аз-кем ақпарат берді: «Көктерек» мелкомбинаты солтүстіктен бидай түсіріп, оны ұнға айналдырған соң айына Өзбекстанға 100 вагондай ұн артады. Екінші класты станциядағы он жолдың сегізінде күн сайын 25 пойыз қабылданып, жөнелтіледі. 50 теміржолшы бар түйіспе бекетте жолдардың бәрі пойыздардың ұзындығына сай жасалған. Әрі келген жүк пен жөнелтілетін жүктің де мөлшері бірдей. Сол себепті де қандай да бір қиындық тудыратын мәселенің жоқтығын айтады қожалық төрағасы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың игі бастамалары ауданда өндіріс саласының өркендеуіне үлкен демеу болып отырғандығын айта келіп, алда болатын сайлауда үздіктерге дауыс беруге шақырды.
